• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Әскери спорт

15 наурыз, 2019

Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды

Елорданың «Жас ұлан» республикалық мектебінде «Наурыз мейрамы» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына Орталық аппарат құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасында волейболдан жыл сайынғы турнир өтуде.

«Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Спорттың ойын түрлерін айтатын болсақ, сайыс түрлерінен басқа ол айрықша мәнге ие. Спорттың ойын түрлері үйлесімділік, командалық рух, ерік-жігер мен табандылыққа баулиды. Бүгін біз «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған турнирді өткізіп жатырмыз. Қарулы Күштер басшылығының мақсаты жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар чемпиондарды тәрбиелеу ғана емес, сонымен бірге, әскери қызметшілер арасында спорт пен дене шынықтыруға бұқаралық сипат беру болып табылады»,  - деді сайыс қатысушыларына қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінен кейін Қорғаныс министрі ойынның шымылдығын ашты. Турнирге Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың барлық департаменттері мен басқармаларынан 100-ден аса әскери қызметші қатысуда. Турнир екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде командалар топтық турнирде 4 үздік бөлімшені анықтайды. Екінші кезең барысында жартылай финал және шешуші ойында біріншіліктің жеңімпазы анықталады.

Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншыларға естелік кубоктар, бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етіледі.

«Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың көркемдік ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен өтті.

785
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві