• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Әскери спорт

11 шілде, 2019

Армиялық қоян-қолтық ұрыс шеберлері Азия чемпиондары атанды

АОСК-ның спортшылары 5 алтын және 1 күміс медальді жеңіп алып, Қырғызстанда өткен Азия чемпионатындағы қоян-қолтық жекпе-жекте көшбасшы атанды.

Үш күнге созылған додада таяу және шет елдің 12 елінен келген 120-дан аса мықты балуан мықты деген атақты иемдену үшін бақ сынасты. Турнир Қырғыз Республикасының Шолпан Ата қаласында «HISF»  халықаралық қоян-қолтық жекпе-жек күнтізбесі аясында өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Ораз Аслан (70 кг) және армиялық спортшылар Тұрсын Аян (50 кг), Белоусова Зинаида (55 кг), Рахмонова Сора (60 кг) және Жүнісова Мереке (75 кг) алтын медальдармен толықтырды. АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауныгер Мәдихянов Жандос (55 кг) «күміс» жүлдені еншіледі.

«Мұндай жоғары деңгейдегі турнирлерге қатысу армиялық спортшылар үшін мол тәжірибе екендігі даусыз. Біздің жігіттер мықты рух пен жақсы дайындық көрсетті. Медальдармен және грамоталармен марапатталды. Біз осы жарысқа мұқият дайындалдық, оқу-жаттықтыру жиынынан өттік. Палуандарымыздың бүгінгі жеңісі қажырлы жұмыстың жемісі!», - деді қоян-қолтық жекпе-жектен АОСК командасының бастығы майор Мұрат Бижанов.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде спорттың әскери-қолданбалы түрлері, әсіресе, армиялық қоян-қолтық жекпе-жек айрықша мәнге ие екенін айта кету қажет. Аталмыш спорт түрін насихаттау мақсатында Қазақстанның армиялық қоян-қолтық жекпе-жек федерациясы құрылды. Одан басқа, Қорғаныс министрі – Бүкілқазақстандық қоян-қолтық жекпе-жек ассоциациясының төрағасы Н. Ермекбаевтың жетекшілік етуімен Қарулы Күштердің ауқымында ғана емес, сонымен бірге, халықаралық аренада армиялық қоян-қолтық жекпе-жектен іріктеу турнирлері жиі түрде өткізіліп тұрады.  Армиялық спортшылардың жетістіктерінің арқасында Қазақстанның құрама командасы жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты, екінші орын ресейлік спортшыларға бұйырса, үшінші орынды Қырғызстанның спортшылары місе тұтты.

 

840
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН