• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Әскери спорт

11 желтоқсан, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының әскери спортшыларына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Жыл бойы халықаралық жарыстарға қатысып, бақ сынаған әскери спортшыларға мерзімінен бұрын әскери атақтар, наградалар, сыйлықақылар мен алғыс хаттар табысталды.

ҚР Қорғаныс министрі спортшыларды құттықтап, қазақстандық әскери спорттың жетістіктерін атап өтті. Ол кездесу қатысушыларына сарқылмайтын жігер мен жаңа жеңістер тіледі.

Спортшылар арасында алғыспен атап өткендердің бірі – ҚР ҚК қызметкері Жандос Мадехиянов болды. Ол 2019 жылғы жастар арасында өткен қоян-қолтық күрестен әлем чемпионы атанды.

«Бала күнімнен спорт пен әскери ортаға деген қызығушылығым болды. Біз түрлі жарыстарға қатыстық. Осы жылғы еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Менің жетістіктерім марапатқа ие болып, жоғары бағаланды», - деп спортшы атап өтті.

 Бұдан өзге, халықаралық санаттағы қазы майор Аманжол Рахметовқа мерзімінен бұрын «подполковник» әскери атағы берілді. Халықаралық санаттағы қазы мәртебесін алған майор Еркебұлан Түсіпханов «Халықаралық ынтымақтастыққа үлесі қосқаны үшін» медалімен марапатталды.

Олимпиада чемпионы, Қытайда өткен Бүкіләлемдік әскери ойындарының жеңімпазы, жеңіл атлетші майор Ольга Рыпаковаға, халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР бес дүркін чемпионы, боксшы Теміртас Жүсіповке және Азия жүлдегері, Бүкіләлемдік бокс (WSB) сериясы бойынша екі мәрте чемпион атанған Асланбек Шынбергеновке, таеквондодан Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері кіші сержант Руслан Жапаровқа сыйлықақы берілді.

Сонымен қатар, V Халықаралық қоян-қолтық күресінің турнирі мен ҚР Тұңғыш Президенті кубогына өткен армияның қоян-қолтық күресінің жеңімпазы қатардағы жауынгер Сора Рахмонова алғыс хат алды. АОСК-ның жаттықтырушысы капитан Олжас Ақбаевқа грамота берілді.

 

Ескертпе. 2019 жылдың басынан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы – Спорт комитетінің штаттық командаларынан 100-ден астам әскери қызметші мен азаматтық персоналы республикалық және халықаралық деңгейдегі 110 спорттық іс-шараға қатысып, әр түрлі дәрежедегі 250-ден астам медал жеңіп алды. 2019 жылы әскери спорттағы маңызды оқиға  Қытайда өткен VII Бүкіләлемдік әскери ойындар болды. Қазақстанның құрама командасы 109 қатысушы ел және 9 мың әскери қызметші арасынан 12-ші орынды иеленді. Ел қоржынында – 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль бар.

515
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН