• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы «16» акпан
№ 74 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

2. Комиссиялардың міндеттері

3. Комиссиялардың функциялары мен өкілеттіктері

4. Комиссия мүшелерінің жауаптылығы

1. Жалпы ережелер

  1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскери бөлімдері мен мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияларының
    (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын айқындайды және олардың қызметін регламенттейді.
  2. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтары, сондай-ақ осы Ереже негізінде жүзеге асырылады.
  3. Комиссия алқалы-кеңес органы болып табылады, өз жұмысын заңдылық, айқындық, алқалық, есептілік, жариялылық негізінде жасайды және мынадай:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерді шектеу;

2) Комиссиялар отырыстарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу, қаржы-шаруашылық қызметі туралы заңнаманы, қызмет этикасының нормаларын бұзудың жекелеген дәйектерін қарау және кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолдану;

3) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған
іс-шараларды жүргізу және олардың орындалуын бақылау;

4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстың жай-күйін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

  1. Комиссиялар бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, әскери бөлімдер мен мекемелерде құрылады.

Басшылары Қорғаныс министрлігі комиссиясының құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде Комиссиялар құрылмайды.

  1. Комиссиялар құрамдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелері бастықтарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының, әскери бөлімдері (мекемелері) тиісті командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарлары қатарынан тағайындалады.

Әскер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері Комиссияларының төрағалары тиісті орынбасарлар қатарынан тағайындалады.

Бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) бар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелер комиссияларының төрағалары болып олардың бірінші басшылары тағайындалады.

  1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелері, әскер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері комиссияларының төрағалары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиясының төрағасына және жоғары тұрған әскери басқару органына жұмыстың нәтижелері туралы баяндайды.

Әскери бөлімдер мен мекемелер Комиссияларының төрағалары
ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күні жоғары тұрған әскери басқару органына жұмыстың нәтижелері туралы баяндайды.

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиясының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы болып табылады, ол өзіне бағынысты әскери полиция органдары арқылы әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәніне әскери бөлімдер мен мекемелерді тексеруді ұйымдастыруға
    және жүргізуге құқылы.
  2. Комиссиялардың қызметі Комиссиялар төрағалары бекітетін жыл сайынғы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Комиссиялар отырыстарында қабылданатын шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
  3. Комиссия отырысқа қатысушы мүшелер қатарынан қарапайым көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

10. Комиссияның шешімі Комиссия хатшысы жүргізетін хаттамамен ресімделеді.

2. Комиссиялардың міндеттері

 11. Комиссиялардың міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлықтан сақтандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған
іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оны барынша азайту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өткізілетін
іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

6) заңнамаға сәйкес өзге де шаралар қабылдау болып табылады.

3. Комиссиялардың функциялары мен өкілеттіктері

12. Комиссиялар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Қорғаныс министрлігі басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларын орындау жөнінде шаралар қабылдайды;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Комиссияның отырыстарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің лауазымды адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды қарайды;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған, қызмет этикасы нормаларын бұзған лауазымды адамдарды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін таратады және жинақтайды;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, қызмет этикасы нормаларын бұзу және лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы тиісті түрде орындамауы дәйектері бойынша қызметтік
тергеп-тексерулер жүргізуге бастама танытады.

13. Комиссия төрағасы:

1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауаптылықта болады;

2) Комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді және оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Комиссия отырысының күн тәртібін айқындайды;

4) Комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өзге де лауазымды адамдарына лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, қызмет этикасы нормаларын бұзу дәйектері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуді тапсырады;

5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзге де шараларды қабылдайды.

14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің комиссиясы өз құзыреті шегінде:

1) қажеттілігіне қарай отырыстар өткізеді;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде Қорғаныс министрінің шешімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде, әскер түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, Тылы бастығының басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;

5) отырыстарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы, Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, әскер түрлерінің бас қолбасшыларын, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жекелеген лауазымды адамдарын қарайды;

6) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы, Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшыларына сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында жеке құрам, соның ішінде бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нақты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, кадрлық шешімдер қабылдауды ұсынады;

7) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелері, әскер түрлері, тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

8) әрбір жартыжылдықта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі істердің жай-күйін талдайды.

15. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің, әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің комиссиялары өз құзыреті шегінде:

1) тоқсанына бір реттен сиретпей отырыстар өткізеді, қажет болған жағдайда көшпелі отырыстар өткізеді;

2) отырыстарда бағынысты әскери бөлімдердің (мекемелердің) лауазымды адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, қызмет этикасы нормаларын бұзуға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарға жол берген жекелеген лауазымды адамдарды қарайды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттарды сақтау, мүдделердің қарама-қайшылығын болдырмау және оны шешу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

4) тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі істердің жай-күйін талдайды;

5) тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиясының төрағасына және жоғары тұрған әскери басқару органына жұмыстың нәтижелері туралы баяндайды.

16. Әскери бөлімдер мен мекемелердің комиссиялары өз құзыреті шегінде:

1) айына бір реттен сиретпей отырыстар өткізеді;

2) отырыстарда лауазымды адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындау, қызмет этикасын, кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау бойынша тыңдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған, қызмет этикасы нормаларын бұзған, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтарды жасаған жекелеген лауазымды адамдарды қарайды;

3) жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және қызмет этикасы нормаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

4) ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындау жөніндегі істердің жай-күйін талдайды;

5) ай сайын жоғары тұрған әскери басқару органына жұмыс нәтижелері туралы баяндайды.

4. Комиссия мүшелерінің жауаптылығы

17. Міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін комиссиялар мүшелері заңнамада айқындалған тәртіппен жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама