• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

ҚР ҚК МТҚЕББ қызметіндегі жемқорлық тәуекелін ішкі талдау нәтижесі бойынша талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет заңнамасын орындауын бақылау бойынша МТҚЕББ Комиссия отырысы хаттамасының 4-тармағы 3 тармақшасын орындау мақсатында МТҚЕББ Заң басқармасымен МТҚЕББ қызметіндегі жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілді.

І. Талдау нәтижесі бойынша келесі жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  1. МТҚЕББ қызметін қамтитын, нормативтік құқықтық актілерді жемқорлық тәуекелдері:

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты ҚР ҚК МТҚЕББ құрылымдық бөлімшелері өз қызметтерінде келесі нормативтік құқықтық актілерді ұстанады:

  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесі (бұдан әрі - №1200 Қаулы);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген № 648 мемлекеттік сатып алуды жүргізу Ережесі ( электронды мемлекеттік сатып алуды жүргізу).

Талдаумен жемқорлық тәуекелі, негізінде № 1200 Қаулысына сәйкес жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде пайда болатыны анықталды.

Бұл жай, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіндегі парақорлық фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалуымен расталады.

№ 1200 қаулысына сәйкес жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс өткізу  тәсілімен мемлекеттік сатып алулар, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және (немесе)  шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты құрайтын тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

Электронды конкурсқа қарағанда жабық конкурсты өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру орналастырылмайды, яғни хабарландыру орнына МТҚЕББ арнайы қалыптастырылған әлеуетті өнім берушілердің тізіміне қосылған ұйымдар мекенжайына шақырулар жолдайды.

Алайда, № 1200 Қаулысымен, олар туралы мәліметтер шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты құрайтын  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер тізімін қалыптастыру тәртібі толығымен реттелмеген.

Яғни, олар тура мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын  мемлекеттік сатып алу бойынша жабық конкурсты өткізу кезінде, тізім, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қолданумен жұмысқа сәйкес рұқсаты бар ұйымдар қатарынан қалыптастырылады.

Сонымен бірге, олар туралы мәліметтер таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мемлекеттік сатып бойынша жабық конкурс өткізу кезінде тізім қалай қалыптастырылатыны түсініксіз.

№ 1200 Қаулының 29 тармағына сәйкес, олардың мекен жайына шақырулар жолданатын әлеуетті өнім берушілер тізімі тапсырыс берушімен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  6-бабында көзделген шектеулерді ескерумен құрастырылады (6 бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер), және тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.

Заңның 6-бабымен келесі көзделген.

Әлеуетті өнім беруші, егер:

1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе;

3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;

5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;

6) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

7) әлеуетті өнім берушінің мүлкіне тыйым салынса;

8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

9) әлеуетті өнім берушінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;

10) әлеуетті өнім беруші терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Алайда МТҚЕББ әлеуетті өнім берушілерді Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабымен көзделген шектеулерге жедел тексеру мүмкіндігіне ие емес.

Мысалы: қандай да бір ақпаратты алу үшін МТҚЕББ сәйкес органға сұраныс жолдауы қажет. Сұрауды қарау мерзімі 15-40 күнтізбелік күн.

Осындай мәліметтерді жедел алу үшін сәйкес құзыреттің болуы қажет. Ал, тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі күнделікті тұтыну қызметіне жататындықтан, оны уақытылы және сапалы көрсетуден әскери қызметшілердің денсаулығы мен әскери дайындықтың жағдайы соған тәуелді.

Жемқорлық тәуекелін жою мақсатында МТҚЕББ, ҚР ҚМ № 1200 Қаулысына бірнеше рет ұсыныстар жолдаған болатын. Алайда МТҚЕББ ұсыныстары қазіргі уақытқа дейін қараусыз қалған.

Жоғарыда аталған № 1200 Қаулының жетіспеушіліктері әлеуетті өнім берушілердің тізімін әртүрлі жолмен қалыптастыруға алып келеді, ол өз кезегінде жемқорлық бұзушылықтарды жасау алғышартына алып келеді.

  1. МТҚЕББ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі жемқорлық тәуекелі.

2015ж. 16.01  ҚР ҚМ бұйрығымен МТҚЕББ ҚР ҚМ мен ҚК мұқтаждықтары үшін мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысы болып айқындалды.

Алайда Есеп комитетінің әрекет етуші схемасына сәйкес бюджетті бағдарламаны орындау Бюджеттік кодекске (жауапкершілік қағидасы сақталмаған), «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына (МТҚЕББ тән емес қызметтер жүктеу) және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (тапсырыс берушімен тапсырыс берушіні анықтау) қарама-қайшы келеді.

Сондай-ақ ҚР ҚМ ҚБК 2015ж. 31.12 № КФК-2-14/5312 қорытындысына сәйкес , МТҚЕББ тапсырыс беруші деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу болып табылады.

Әрекеттегі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жүйесі, және қорғаныс тапсырын орындау келесі мәселелерге алып келеді.

  1. МТҚЕББ мен үлесті органдардың артық хат алмасу мен қызметтердің қайталануымен байланысты ұзақ бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үрдісі.
  2. МТҚЕББ бюджеттік бағдарламалардың орындаушысы болмауы, бірақ та шарттар жасасып олар бойынша төлем жүргізетіндікпен байланысты бұлыңғыр жауапкершілік.
  3. тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы міндеттері бір мекемеге жүктелуімен баланысты қызығушылықтар шиеленісі және тежемелік пен қарсылық жүйесінің бұзушылығы.
  4. Қорғаныс министрлігінің мүддесін соттарды сапасыз білдіру,.

Жоғарыда көзделген ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің жетіспеушіліктері жемқорлық тәуекелін жасау алғышарттарына алып келеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері беделіне әсер етеді.

Анықталған жемқорлық тәуекелін жою (төмендету) бойынша ұсыну.

№1200 Қаулыны зерттеу барысында анықталған жемқорлық тәуекелін жою мақсатында:

  1. Әрекеттегі ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін (№1200 Қаулы) қайта істеу үшін сәйкес мемлекеттік органдардан құзыретті өкілдерді тартумен ҚР ҚМ алдында жұмыс тобын құру туралы бастамалық ету;
  2. Үлесті органдарға, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нақты тізімін анықтауға және ондай тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметті Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің сәйкес тізіміне енгізуге тапсырма беру қажет.

Бұл ұсыныс:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
  2. Құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ерекше тәртіпті қолданумен тауарлар, жұмыстар, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жедел жүзеге асыруға;
  3. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін әртүрлі жолмен қалыптастыруға жол бермейді, онымен жемқорлық тәуекелін төмендетуге жол береді.

МТҚЕББ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде анықталған жемқорлық тәуекелін жою (төмендету) мақсатында, тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы міндетін МТҚЕББ мен ББ қарым-қатынасы негізінде бөлі қажет.

Ол үшін:

  1. МТҚЕББ (МСАББ) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы ретінде анықтау және келесі қызметтерді жүктеу:
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
  • Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтау және үлесті органдар мекенжайына қортынды хаттамасын жолдау;
  • Бақылау және қадағалау органдарымен анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда соттарда ҚМ мүддесін білдіру (талап-арыз жұмысын жүргізу);
  1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығы мен басқа бюджеттік бағдарламаларды орындаушыларға (үлесті органдарға) келесі қызметтерді жүктеу:
  • Сәйкес құжаттарды қамтитын (сұраныс, техникалық сипаттама, шарт жобасы, конкурстық және (немесе) сараптамалық комиссия құрамына үміткерлік);
  • мемлекеттік сатып алу және МҚТ туралы шарттар жасасу;
  • шарттарды тіркеу және шарттар бойынша төлемдер жүргізу;
  • шарттар бойынша міндеттемелерді өнім берушілермен уақытылы және сапалы орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру;
  • шарттар бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл ұсыныс:

  1. Есеп комитетімен анықталған заңнаманы бұзуларды жоюға;
  2. Бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша әр құралымның жауапкершілігін арттырады (жауапкершілік қағидасын сақтау);
  3. Материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеделдігін қамтамасыз етеді (міндеттердің қайталануын алып тастайды және артық құжат айналымды төмендетеді);
  4. Қызығушылықтар шиеленісін алып тастайды, онымен жемқорлық тәуекелін төмендетеді;
  5. Тежемелік пен қарсылық жүйесінің сақталуын қамтамасыз етеді (тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы міндеттерін бөлу);
  6. ҚМ соттарда мүддесін сапалы білдіруді қамтамасыз етеді;
  7. МТҚЕББ қызметін тапсырыс беруші ретінде тану нысандығын жоюға жол береді.

Сонымен бірге МТҚЕББ қызметінің ерекшелігін, сондай-ақ  қалыптасқан кадрларды таңдау тәжрибесін ескере отырып:

  1. ҚР ҚМ № 242 бұйрығымен бекітілген лауазымдарға тағайындау Ережесінде (оның ішінде уақытша), МТҚЕББ басқару лауазымына азаматтық персонал қатарынан тағайындау мүмкіндігін қарастыру.
  2. Жауапкершілікті, оның ішінде жемқорлық бұзушылықтарды жасағаны үшін, арттыру мақсатында, МТҚЕББ азаматтық қызметшілерінің мәртебесін «әкімшілік мемлекеттік қызметші» ретінде анықтау.

Мәлімет үшін: әскери қызметшілер вакантты лауазымдарына уақытша тағайындалған азаматтық қызметшілер мемлекеттік қызметші мәртебесіне ие емес, ол өз кезегінде олардың оның ішінде жемқорлық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілігінде көрініс табады.

  1. МТҚЕББ лауазымдарына мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс тәжрибесінің болуы, сондай-ақ заң және(немесе) қаржы мамандықтары иесінің болуы бөлімінде квалификациялық талаптар қою.
  2. МТҚЕББ кадрларды орналастыру мен таңдау кезінде конкурстық іріктеу орнату.
  3. Қызметтік міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындауда материалдық қызығушылықты арттыру мақсатында, жыл қорытындысы бойынша үнемделген қаражаттар есебінен сыйақы күйінде ынталандыруды орнату.

ІІІ. Анықталған жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру мерзімі: 2017-2018 жыл.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама