• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарыны орындау жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және оны іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 339 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі ҚР ҚМ 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үкіметтің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау үшін Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралуда.

Көрсетілген заң жобасымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға олардың тізбесін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, арнайы тексерулер жүргізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Осы заң жобасымен «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңына қару-жарақ пен әскери техниканы оны тікелей өндірушілерден немесе оларды жеткізу (сату) жөніндегі уәкілетті ұйымдардан импорттау мәселесі бойынша өзгерістер енгізіледі, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелді ықшамдауға бағытталған.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралуда.

Үкіметтің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысымен Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы  өтініштер қабылдау және нәтижелер беру нормалары қарастырылған. Мазмұндалғандарға байланысты, Қорғаныс министрлігімен Қорғаныс министрінің бұйрағы шығарылды: 1) «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі 170 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы, Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 наурызда № 13440 болып тіркелді; 2) «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 86 бұйрығы, Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13540 болып тіркелді.

Бұл ретте, Регламентте азаматтың оқуға түсер алдында жарамдылық деңгейін анықтау үшін оны медициналық комиссияға жіберу туралы норма қамтылған.

Сонымен бірге, Әскери-техникалық мектепке түсу кезінде азаматтардың тұрғылықты тұратын жері бойынша денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық комиссиядан өтуі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы 28-бабының 1-тармағында бұрын көзделген.

Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша өтеусіз негізде оқитын азаматтардың жарамдылық деңгейін анықтауды әскерге шақыру комиссиялары айқындайды, олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімі бойынша құрылады, ол комиссияның төрағасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (әкімі) басшысының орынбасары болып табылады, ал медициналық комиссия төрағасы денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органы басшысының орынбасары болып табылады.

2015 жылғы 18 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды, соның шеңберінде «Әскери полиция органдары туралы» Заңына әскери полиция органдарының әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтауын тексеру құқығын көздейтін толықтырулар енгізілді.

2015 – 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
6-тармағының 1 және 3-тармақшаларын іске асырумен байланысты басқа заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде осы нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасынан алынып тасталды.

2015 – 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау үшін Қорғаныс министрлігінің сайтында әскери қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың арыздарына арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл» атты арнайы бөлім, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету үшін құрылған «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» айдары жұмыс істейді.

2016 жылы Қорғаныс министрлігінің сайтына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, Әдеп кодексі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру туралы ақпарат, Қорғаныс министрінің 2016 жылғы
16 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ереже, сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық көріністерінің дәйектерін кездестірген кездегі іс-қимылдар тәртібін, сондай-ақ осындай дәйектерге жәрдемдескені үшін жауаптылықты түсіндіретін жадынама, Қорғаныс министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі туралы ақпарат, әдеп негіздерін нығайту туралы НАТО бағдарламасы және Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әдістемелік ұсынымдар орналастырылды.

ҚР-ның 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес Қорғаныс министрлігі қызметінің бағаланатын бағыттарының бірі Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикасы болып табылады.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіру және ағымдағы жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы жаңа ереже әзірленді, ол Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілді.

Одан басқа, Қорғаныс министрлігінің, Бас штабы мен Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының  басқармаларында, әскери бөлімдер мен мекемелерде ұқсас комиссиялар құрылды.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әскери бөлім командирлері (бастықтары) мен басқа да лауазымды адамдарының қызметтік міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын өз құзыреті шегінде орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттермен толықтырылды.

ҚР ҚК-да құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2016 жылғы 30 қаңтарда бекітілді, оның негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты алдын алу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әдістемелік құралы, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде «сыбайлас жемқорлық тәуекел картасы» әзірленді және әскери басқару органдарына жолданды.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен шетел мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе алмасу мәселесі бойынша тараптар сарапшыларының жұмыс кездесулері өткізіледі.

2016 жылғы 11 қазанда Астана қаласының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум тарапттарының қатысуымен НАТО Халықаралық хатшылығының ұйымдастыруымен этикалық негіздерді нығайту жөніндегі НАТО бағдарламасымен таныстыру семинары өткізілді.Жоғары әскери оқу орындарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы сабақтар енгізілді.Жоғары әскери оқу орындарында және жоғары білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда құқық қорғау және арнаулы органдарының қызметкерлерін сабақ өткізуге тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстар жүргізіледі.Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын білуі бойынша тест қабылданды.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып, кадр жұмысын дамыту шеңберінде ҚР ҚМ офицерлері жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін, қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін салыстыруда негізделген офицерлер құрамын жыл сайынғы рейтингілік бағалау жүйесінің жобасы әзірленді. Осы жоба енгізілетін «SAP» автоматтандырылған кадрларды есепке алу жүйесінде іске асырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөнінде ҚМ, БШ және
ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының міндеттемелері жаңартылды.

2016 жылы ҚМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындауын бақылау жөніндегі комиссияның 12 отырысы өткізілді, сонымен қатар 1-селекторлық отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Бас әскери прокуратураның, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның өкілдері, Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Ақмола, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз және Атырау гарнизондары ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің командирлері қатысты, онда Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары, Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаменттерінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының, Тыл бастығы басқармасының лауазымды адамдары, ҚР ҚМ ӘТМ бас директоры тыңдалды, оларға бағынысты құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен қаржы-шаруашылық қызметіндегі бұзушылықтары талқыланды, Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын қалыптастыру мәселесі қарастырылды.Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әлеуетті  құрылымдардың тиісті өзара іс-қимылы мақсатында 2015 жылғы 25 қарашада Қорғаныс министрлігінде «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әскери қызмет саласында іске асыру» тақырыбында кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.

Қабылданған меморандум құзыретінде 2016 жылғы 7 сәуір мен 10 мамыр кезеңінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің және оған бағынысты жергілікті әскери басқару органдарының қызметіне сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекеліне талдау жүргізілді, жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі бойынша жоғарғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Қазіргі кезде қорғаныс істері жөніндегі органдарда сыбайлас жемқорлық салдарын жою және ықпал ететін жағдайларын жою шаралары қабылдануда.

Сонымен бірге, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу мәселесі қарастырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын қабылдау үшін оның ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесінде, сыбайлас жемқорлық көріністері орын алатын ықтимал орындар тізбесі жаңартылды.

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Қарулы Күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленді.

Әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша құқық қорғау және арнайы органдармен бірлескен жұмыс жандандырылды.

Бірлескен жоспаларға сәйкес Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру жөнінде 143 дөңгелек үстел, 143 жиналыс өткізілді, өңірлік БАҚ-та сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған 104 сөз сөйлеу жарияланды.

Қарулы Күштерде барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 5827 іс-шара өткізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 15 %-ға, яғни 27-ден 23-ке дейін төмендеген, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 59 %-ға, яғни 17-ден 7-ге дейін төмендеген.

Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстың 23-тен 6-уы (26%) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың 7-нен 7-уі (100%) Қорғаныс министрлігі органдарының қатысуымен анықталғанын атап көрсету қажет.

Қорғаныс министрлігі өткізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жұмыстары жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама