• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Құжаттар

02 тамыз, 2017

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 406 бұйрығымен
бекітілген

 

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

  1. Осы Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.
  2. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен жол жүру шарттары экономикалық класс тарифі бойынша айқындалады.

      Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әуе көлігіндегі эсперименттік әуе кемелерге ресімдеуге және жол жүруіне жол берілмейді.

  1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел мемлекеттеріне жаңа қызмет орнына ауысқан кезде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жол жүруі мемлекет есебінен әуе көлігімен жүзеге асырылады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, әскери қызметші шетелдік оқу орындарына қабылданған кезде және оны аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әскери қызметшінің қызмет өткеру орнынан (жөнелту пунктінен) білім алатын жеріне дейін және кері қарай жол жүруі мемлекет есебінен әуе көлігімен жүзеге асырылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгеше тәртіп көзделмесе, шетелдік оқу орнында білім алатын әскери қызметшінің Қазақстан Республикасына тағылымдамаға келуге және кері қарай жол жүруі білім алатын жерінен әскери қызметші өкіміне жіберілген әскери басқару органының орналасқан жеріне дейін және тағылымдамадан өтетін орнынан (жөнелту пунктінен) білім алатын жеріне дейін мемлекет есебінен әуе көлігімен жүзеге асырылады.
  4. Әскери қызметшілерге жедел медициналық көмекті, операция жасауды қажет ететін және олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да шұғыл жағдайларда, сонымен қатар қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің мәйітін тасымалдау және оны жерлеу орнына дейін алып жүретін адамдардың әуе көлігімен жол жүруі жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негізінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
  5. Әскери қызметшілердің далалық шығуларға (теңізге шығуларға), оқу-жаттығуларға, әскерлер парадтарына және кері қарай әуе көлігімен жол жүруі жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негізінде мемлекеттік авиация кемелерімен жүзеге асырылады.
  6. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, әскери қызметшілерді терроризмге қарсы операцияларға, бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға, жауынгерлік іс-қимылдарға, төтенше жағдайларды таратуларға қатысу, қарулы жанжалдар шарттарында міндеттерді орындау үшін, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің аумағында әуе көлігімен тасымалдау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
  7. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, шетелдік оқу орындарында оқитын курсанттардың, кадеттердің каникулдық демалыстарға жол жүруі білім алатын жерінен Қазақстан Республикасының шегіндегі демалысты өткізу орнына дейін және кері қарай әуе көлігімен мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
  8. Егер шетелдік оқу орнында білім алатын курсант тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының шегінде өткізілетін демалысқа және одан әрі білім алатын жеріне кеткен жағдайда, оның әуе көлігімен жол жүруі демалысты өткізу орнынан (жөнелту пунктінен) білім алатын жеріне дейін мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
  9. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жол жүруі Қазақстан Республикасының шегінде басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда бұрынғы орнынан жаңа қызмет орнына дейінгі аралық екі мың шақырымнан артық болған жағдайда әуе көлігімен әскери қызметшінің баянаты бойынша (теміржол, автомобиль және ішкі су көлігінде жол жүрудің орнына) одан әрі жол жүруі үшін шығындарды мемлекет есебінен төлеумен рұқсат етіледі.
  10. Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің осы Қағидаларда мемлекет есебінен көзделген жағдайларда әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттарын сатып алуға жұмсалған шығындары, әскери қызметшінің ақшалай қамтылымда тұрған әскери бөлімде, әскери қызметші баянатты, жол жүру құжаттарын (билеттерін) және отырғызу талондарын ұсынылғанда төленеді.
  11. Әскери қызметшілер іссапарға, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің демалысқа немесе басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда жол жүруі мемлекеттік авиацияның әуе көлігімен бастапқы бағдардан соңғысына дейін жол үсті бағыттағы рейсті орындаған жағдайда рұқсат беріледі, сонымен бірге жол жүру үшін жоғары басшылықтың өкімдері, нұсқаулары негіздеме болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама