• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

20 маусым, 2016

ҚР Қарулы Күштерінің медицина қызметіндегі әскери қызметшілер кәсіби мерекеге дайындалуда

Ертең Қазақстанның барлық өңірі Медицина қызметкерлері күнін атап өтеді. Олардың ішінде күн сайын адам өмірін құтқарып қалатын ерекше мамандық иелері – әскери қызметші дәрігерлерді де бар.

Қазақстан Қарулы Күштерінде ертең мерекелік іс-шаралар өтеді. Еліміздің барлық өңірлерінде Құрлық әскерлерінде, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінде орналасқан әскери госпитальдердің медицина қызметіндегі әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын тарту етеді.

Әскери дәрігер болу – бұл нағыз бейімделуді талап ететін кәсіп. Қазақстандық әскери дәрігерлер үшін ерліктің үздік үлгісі Ұлы Отан соғысы жылдары нағыз ерлік көрсеткен олардың батыр әріптестері болып саналады. Сұрапыл соғыс жылдары нәзік жандыларға да күрделі, әрі ауыр міндет жүктелген болатын. Өздері артиллериядан жауған оқтың астында қалса да, олар өз бетінше ұрыс даласынан талай жаралы жауынгерлері алып шықты.

Бүгінде өздерінің күнделікті еңбегімен әскери дәрігерлер Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне қол ұшын беруде. Олардың басты міндеті – әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау және оны нығайту.

Армияда дәрігерлердің адам өмірін сақтап қалған оқиғалары жиі кездесетін жағдай. Естеріңізге сала кетсек, бір айға жуық уақыт бұрын Жамбыл облысында ҚР Қарулы Күштері 63302 әскери бөлімі іргесіндегі әскери медицина жеке жасағының әскери дәрігерлері клиникалық өлім жағдайында келіп түскен қыздың өмірін құтқарып қалды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК әскери медицина қызметі биыл Армия халықаралық ойындарының «Әскери-медициналық эстафета» байқауына қатысқанын ерекше атап өткен жөн.

Бұдан өзге, ертең Астанада сағат 11.00-де ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында медицина қызметінде ерекше көзге түскен әскери қызметші дәрігерлердің есімдері аталады.

Мерекелік іс-шараға алғаш рет барлық әскер түрлері бойынша медицина қызметтерінің бастықтары қатысатын болады. Ресми рәсім аяқталған соң медицина қызметіндегі әскери қызметшілердің ұйымдастыруымен әзірленген мерекелік концерт өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама