• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

01 қараша, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық орталығына 50 жыл

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық орталығы бүгін мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медецинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері айтылды.

Орталықтар өз ісінің шебері, білікті әскери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қызметкер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоғары санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымының кандидаты ғалым дәрежесігн иеленсе, бір PhD дәрігер бар.

Орталық Азияда теңдесі жоқ әскери медицина орталығының тарихы 1969 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында Ортаазиялық әскери округінің округтік сот-медициналық зертханасы құрылғанда басталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оны ҚР ҚМ Орталық медициналық зертханасы деп атады. Ал 2010 жылы мекеме өзінің қазіргі атауын алды.

Мекеме әскери медицина саласында қосымша білім беруді қамтамасыз етеді,біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарға жауап береді, Қарулы Күштердің медициналық құрамына әскери-медициналық даярлықта, сот-медициналық, патологоанатомиялық, химиялық-токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

2011 жылдан бастап оның құрамына Қазақстан Қарулы Күштері медицинасы құрамындағы интернатура қосылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне медециналық көмек көрсетуді үйретеді.

Ұжым өзінің жетістіктерін мақтан етеді. Жыл сайын нұсқаушы-оқытушы құрамы әскери-медицина эсатфета бойынша халықаралық сайыстарға қатысу үшін Қарулы Күштердің құрамын дайындауға қатысады. 2019 жылы біздің дәрігерлер құрамын ІІ орынға ие болды.

Оқытушылар құрамы БҰҰ миссиясы үшін бітімгершілік дайындауға қатысады. Медициналық қызмет подполковнигі А. Асылханов және
Б. Халмуратов және аға сержант Ә. Оразханов Ливанға аттанар алдында бітімгершілік ротасының әскери-медициналық дайындығына қатысты.

Тәжірибе мен білімге қарамастан, әскери медицина орталығы әрдайым даму үстінде. Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 5 жылдық ынтымақтастық жоспары негізінде осы жылы ол жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша ITLS халықаралық курсын сертификаттаудан өтіп, аталған курстарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтар алды. Ал барлық нұсқаулық-оқытушылар құрамы-халықаралық үлгідегі its нұсқаушыларының сертификаттары бар.

185
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН