Тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігі

ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің моделі

  • «Тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы» түсінігі «тұрғын үй төлемдері» түсінігіне ауыстырылды
  • Тұрғын үй төлемдері әскери қызмет өткерген жылдарына тәуелсіз барлық санаттағы әскери қызметшілерге төлеу жүзеге асырылады.
  • Әскери қызметте 10 жылдан 15 жылға дейін болған (2013 ж. 1.01.) әскери қызметшілерге өтеусіз жекешелендіру құқығы қайтарылды (әскери қызметте 20 және одан көп жыл болғаннан соң)
  • Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 50%  аударылады
  • Тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 100%  аударылады

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемі

ҚР Үкіметінің 2018 ж. 12.02. №49 қаулысының 22-тармағына сәйкес  Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2018 ж. 12.02. №49 қаулысының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес айқындалады.       

ҚЫЗМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖДАР ЕСЕБІНЕ ҚОЮ (ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІН БІРІНШІ ТАПСЫРҒАН КЕЗДЕ) ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕНІ НЕМЕСЕ ЕТІЛМЕГЕНІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ БЕРУ

ЖАБЫҚ ЖӘНЕ ОҚШАУЛАНҒАН ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҚТАРДА  ТҰРЫП ЖАТҚАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АҒЫМДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨЛЕМДЕРІН ТӨЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ СХЕМАСЫ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 101-5 бабына сәйкес Әскери қызметтен шығу кезінде  әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнайы шотындағы ақшаны:

1) тұрғынжайды меншікке, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып меншікке алу;

2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;

3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу;

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;

5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатынан басқаға талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру;

7) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарында қолданады.

ҚРҮ 2018 ж. 12.02. №49 қаулысының 8 тармағына сәйкес тұрғын үй төлемдері қатаң мақсаттық бағыттарға қолданады және Заңның 101-5 бабында көзделмеген мақсаттарға әскери қызметшілер қолдана алмайды.

ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨЛЕМДЕРІ ТҮРІНДЕГІ «АҚШАЛАЙ ӨТЕМАҚЫ» ТӨЛЕУДІ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ СХЕМАСЫ

1) «Тұрғын қатынастары туралы» ҚРЗ 101-2 бабы 4 тармағына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарда күнтізбелік есептеумен әскери қызметте он және одан көп жыл болған әскери қызметшілердің күнтізбелік есептеумен әскери қызметте жиырма жыл болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар. Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын жағдайларда, өтеусіз жекешелендіру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тұрғын үй төлемдері түріндегі ақшалай өтемақымен өтеледі.

  2) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ 55-бабы 6-тармағына сәйкес әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.  (Анықтама: ҚР 2017 жылғы 12.12. №114-VI Заңына сәйкес 2020 жылдан бастап).

  3) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ 55-бабы 7-тармағына сәйкес: - әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған, қызметтен шығару кезінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген және тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырмаған, әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен шығарылған адамдардың Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРЕТІН НЕМЕСЕ ӨТКЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН «БІР ЖОЛҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ» СХЕМАСЫ

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ 101-2-бабы 5-тармағына сәйкес: - тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, бірақ 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілер әскери қызметтен шығарылған кезде (теріс себептермен қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда) арнаулы мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, тұрғын үй төлемдерін алады.

 2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ 101-2-бабы 6-тармағына сәйкес: - әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия әскери қызметшіні әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, оны қызметтен шығару кезіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.

  3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ 101-9-бабы 2-тармағына сәйкес - Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.

АБАТТАНДЫРЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛУДЫҢ АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІ САТУ

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІ САТУ

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету әскерлердің жауынгерлік дайындығының сапасына тікелей байланысты және Қарулы Күштердің беделі арттыруға ықпалын тигізетін және әскери қызметшілердің жауынгерлік борышын атқаруға ынталандыратын, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолдаңыстағы жүйесі қызметтік тұрғын үйді беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару жолымен жүзеге асырылады.
Осы тетік тұтыну жүйесінен жинақтау жүйесіне көшуді көздейді және күмәнсіз артықшылықтары бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама