• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Әскери зейнеткерлердің қызметтік баспананы ауыстыру тетігі

Арызға қоса берілетін құжаттардың тізімі

1) Жергілікті әскери басқару орган берген соңғы қызмет орны отбасы құрамы (әскери қызметтен шығарылған кез) және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама; управления;

2) Арыз тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери зейнеткер мен оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы анықтама);

3) Әскери зейнеткер мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көщірмелері;

4) Арыз тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған әскери зейнеткерде және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы жергілікті атқарушы органнан анықтама;

5) Қызметтік тізімі;

6) Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының көшірмесі.


Егер, бір тұрғын үйге бірнеше өтініш түскен жағдайда, тұрғын үй комиссиясы бұрын түскен жағдайда, тұрғын үй комиссиясы бұрын түскен өтінішін қарайдыТұрғын үй комиссиясымен өтініш тіркелген күннен бастап оны бір айда қарайды; Тұрғын үй комиссиясымен қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабымен көзделген нормалары ескеріледі.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРҚ 75-б. 1-т.  Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігінің негізгі актуалды мәселелерінің бірі әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдармен тұратын жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайларын жекешелендіруге жататын тұрғынжайларға алмасу тетігі болып табылады.

Барлық дәрежедегі командирлер мен бастықтарына 2013 жылдың 1 қаңтарға әскери қызметте күнтізбемен есептегенде он жылдан кем болатын және жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғын үйде тұратын әскери қызметшілермен жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғын үйлерді тапсыруға және тұрғын үй төлемдеріне өту туралы нұсқау берілді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтары тұрақты негізде ҚР Қорғаныс министрлігінде ресми сайтында орналастыру үшін жекешелендіруге жататын босатылған тұрғын үй қорлары туралы ақпараттарды беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жекешелендіруге жататын босатылған тұрғын үй қоры бірінші кезекте «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 6-1 тармағында көрсетілген әскери зейнеткерлерге беріледі.

Келесі тәртіпте қызметтік тұрғын үйлерді алмастыруды жүзеге асыру бойынша жұмыстардың тәртібі жеткізілді:

- әскери қызметтен шығарылған кезде он және одан да көп бірақ жиырма жылдан кем әскери қызмет өтілімі бар жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын әскери зейнеткерлер (бұдан әрі – әскери зейнеткерлер) тұрғын үй комиссиясының төрағасына (кімнің ведомствасында жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғын үй) өздерінің тұрғын үйлерін Қорғаныс министрінің сайтында көрсетілген тізімнің ішінен жекешелендіруге жататын тұрғын үйлерге айырбастау туралы өтінішпен жүгінеді;

- әскери зейнеткерлердің қызметтік тұрғын үйлерде тұрып жатқан аудандық пайдалану бөлімдері арқылы өтінім беріледі;

- өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жергілікті әскери басқару органнан берілген соңғы қызмет орнынан отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери зейнеткер мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы анықтама);

3) әскери зейнеткер мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған әскери зейнеткерде және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы жергілікті атқарушы органнан анықтама;

5) қызмет ету тізімі;

6) жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үйді жалға алу шарты.

- бір тұрғын үйге бірнеше өтініш түскен жағдайда, тұрғын үй комиссиясы бұрын түскен өтініші қаралсын;

- тұрғын үй комиссиясымен өтініш тіркелген күннен бастап оны бір айда қаралсын;

- тұрғын үй комиссиясымен қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабымен көзделген нормалары ескерілсін.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН