• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

18 желтоқсан, 2015

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне Астанадағы пәтерлердің кілті табыс етілді

Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілеріне пәтерлердің кілті табысталды. Жаңа тұрғын үй арнайы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін салынды.  Бұл баспанаға 232 отбасы орналастырылады.

Әскери қызметшілердің отбасы құрамына байланысты пәтерлер әртүрлі шаршы метрдегі 1-2-3-4 бөлмелі, абаттандырылған және ішінара жиһаздандырылған. Тұрғын үйдің ғимараты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан.

Қазір әскери қызметшілер өздерінің жаңа үйлеріне көшуде. «Пәтерлер кең, жылы, таза және онда өмір сүруге, отбасы, балалар үшін барлық қажетті дүниенің барлығы бар», - деп ағынан жарылды жаңа қоныстанған адамдар.  

Университеттің аумағында 306 пәтерлі абаттандырылған жатақхана да бар. Бұл жатақханада Ұлттық қорғаныс университетінің уақытша құрамы, яғни, магистранттар тұрады. 

Баспанамен қамтамасыз ету еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы ҚР Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыты болып табылады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2015 жылы күрделі құрылыс пен сатып алу, сондай-ақ қордағы баспананы жөндеу жолымен 2015 жылы офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жалпы ауданы шамамен 92 580 шаршы метр 1 324 пәтер көзделген.

Сонымен қатар, өткен бес жыл ішінде Қазақстанның әр қалалары мен өңірлерінің бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген 6 300-ден аса әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесі шешілгенін айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама