• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

09 ақпан, 2016

Әскери қызметшілерге арналған жатақханаларды қайта тіркеу үстемеақы алудың кепілі болмақ

Астанада әскери қызметшілер тұрып жатқан жатақханаларды пәтерден бөлмеге қайта тіркеу жоспарланған.  Бұл процесс әрі қарай әскери қызметшілердің жекешелендіру құқығының орнына үстемеақы алуына ықпал етеді.

Қолданыстағы заңнаманың нормалары бөлмелік және койкалы үлгідегі жатақханаларда тұрып жатқан әскери қызметшілерге ғана ақшалай үстемеақы төлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жатақхналарда тұрып жатқан әскери қызметшілер 20 жылғы қызметтен кейін жекешелендіру құқығының орнына үстемеақы ала алады. Ол үшін міндетті шарттардың бірі жекешелендіруге жатпайтын алушыға берілген қызметтік баспананың болуы болып табылады. Бұған жабық және оқшаулы әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан қызметтік баспаналар да кіреді. 

Бұл ретте қызметкерлерге арнайы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген үйлер жекешелендіруге жатпайды. Жекешелендіруге сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын адамдарға, студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқу кезеңінде оқып жүргендерге койкалы үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын орынжайлар жатпайды.

Бұл мәселені шешу үшін қазіргі уақытта Астанадағы әділет органдарында (жылжымайтын мүлік департаменттері) жатақханаларды (типті айқындаусыз қайта жабдықталған пәтерлік үлгідегі) бөлмелік үлгіге қайта тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл әрі қарай жатақханаларда тұрып жатқан әскери қызметшілерге қаржылай үстемеақы алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама