• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 маусым, 2016

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа құрылымын ұсынады

Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер бар. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қажеттілігі еліміздің барлық өңірлерінде жалпы көлемі 1 119 мың шаршы метр 20,5 мың пәтерді құрайды. Олардың ішінде Астана, Алматы қалалары үшін қажетті тұрғын үйдің жалпы көлемі 509,4 мың шаршы метр 9,4 мың пәтерді құрап отыр

Қазіргі уақытта әскери қызметшілерге жыл сайын тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төленеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Бұл қаражат жылдан жылға артып келеді. Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін 2014 жылы 12,3 млрд. теңге төлесе, ал 2015 және 2016 жылдары 16,7 және 22,8 млрд. теңге төлеуі керек. Осылайша, үш жыл ішінде қайтарусыз 50 млрд. теңге жаратылды.

Аталған норма енгізілген сәттен бастап келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бюджеттік қаражат есебінен жеке жалға берушілерден тұрғын үйді жалға алып тұрады.

Сонымен қатар, мемлекет те, әскери қызметші де кеткен шығындардың орнына жеке меншік пәтер ала алмайды. Демек, әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алу үшін төленетін компенсация олардың тұрғын үй мәселесін толығымен шешіп бере алмайды. Аталған мәселе барлық әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті қызметтік тұрғын үй қорының болмауынан орын алып отыр.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге дербес тұрғын үй қызметтік тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында, тиісті жалға алу шарты бойынша, әрі қарай сатып алу құқығымен қоса Қорғаныс министрлігінің жеке меншігінен берілетін болады.

Дербес жалға алынған тұрғын үй 2013 жылдың 1 қаңтарынан  бастап еңбек сіңірген жылы 10 жылдан кем немесе 2013 жылдан кейін әскери қызметке алғаш келіп түскен Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне берілетін болады. Қорғаныс министрлігінің дербес жалға алған үйі үшін жалдау ақысын төлеу әскери қызметшінің тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін төленетін компенсациясында қарастырылған қаражат есебінен тұтас операторға төлеу арқылы жүргізіледі.

Бұл құрылым бірте-бірте енгізілетін болады. Әскери қызметшіні қызметтік немесе дербес жалға алған тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда әскери қызметтегілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төлеуін тоқтатпайды.

2731
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві