• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

27 шілде, 2016

90 әскери қызметші мен олардың отбасыларына пәтер кілті табыс етілді

Қазақстанның шығысындағы Аягөз гарнизонында 90 әскери қызметші мен олардың отбасылары жаңа қоныс иегерлері атанды. Мұнда күрделі жөндеуден кейін тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов Елбасының Қазақстан халқына жолдауында әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға үнемі баса назар аударатынын атап өтіп, әскери қызметшілер мен олардың жанұяларын қоныс тойларымен құттықтады.

02352 әскери бөлімі инженерлік қоршау ротасының аға маман-сапері ефрейтор Талғатбек Қалиев үшін бұл күн ерекше болды. Жан жарымен бірге әскери қызметші тоғыз баланы өсіріп, тәрбиелеуде. «Шығыс» ӨңҚ қолбасшысы отбасыға пәтер кілтін табыстап, теледидар сыйға тартты. «Біздің отбасы үшін бұл маңызды оқиға. Біз және бала-шағамыз жаңа, жарық және жайлы пәтерге қоныс аударғанымызға қуаныштымыз», - дейді әскери қызметші.

Әскери қызметшілерді қызмет өткеру орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі күні ерекше көңіл бөлініп отырған Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және сатып алу арқылы ондаған мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліп жатыр. 2016 жылы 1 639 пәтерді тапсыру жоспарланған. Астана (Қырқыншы ст.), Ақтау, Семей, Алматы, Аягөз, Үшарал қалаларындағы, сондай-ақ, Б. Момышұлы, Сарыөзек, Арнасай кенттері және Гвардейск қүк. әскери қызметшілер жаңа баспанаға ие болады.

2389
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві