• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

14 шілде, 2015

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандырудың ағымдағы жағдайы және оны жетілдіру жолдарының талдауы

Қазіргі уақытта 1997 жылы өткен реформаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты әскери қызметшілер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап нақты түрде 3 санатқа бөлінген.

1-ші санат – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан көп еңбек сіңірген жылдары барлар зейнетақымен мемлекеттік бюджеттің есебінен толық көлемде босатылу күніне еңбек сіңірген жылдарының есебіне байланысты 109 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, соңғы атқарған лауазымның ақшалай қамтылымының 50 % бастап 65% дейін қамтамасыз етіледі, (2015 жылға 216038 теңгені құрайды).

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне олар қатыспайды. Бұл санаттағы зейнетақының орташа айлық мөлшері 131 700 теңгені құрайды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыншаҚР ҚК барлық жеке құрамының 3 % құрайды.

2-ші санат – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан кем еңбек сіңірген жылдары барларзейнетақымен мемлекеттік бюджет есебінен 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегі еңбек сіңірген жылдары мен еңбек өтіліне байланысты соңғы атқарған лауазымның ақшалай қамтылымынан әр жыл үшін 2 %, яғни толық емес көлемде, сондай-ақ аударылған жарналар есебінен қамтамасыз етіледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап оларға ақшалай қамтылымнан 20 % көлемде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі белгіленген.Бұл санаттағы зейнетақының орташа айлық мөлшері 47 690 теңгені құрайды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР ҚК барлық жеке құрамының 36 % құрайды;

3-ші санат – 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғашқы рет әскери қызметке шақырылғандар тек аударылған жарналар есебінен зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Оларға да ақшалай қамтылымнан 20 % көлемде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі белгіленген. Бұл санаттағы зейнетақының орташа айлық мөлшері (зейнетақы жарналарының есебінен) 4 800 теңгені құрайды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР ҚК барлық жеке құрамының 61 % құрайды.

Әр түрлі кезеңдерде қызметке шақырылған әскери қызметшілердің зейнетақы төлемдері мөлшерлерінің арасында оларды зейнетақымен қамсыздандыруда әлеуметтік әділетсіздікті тудыратын едәуір айырмашылық байқалады.

2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Президетінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы» бекітілді (бұдан әрі - Тұжырымдама).

Тұжырымдамаға сәйкес әлеуетті құрылымдардан және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау Министрлігімен ұсынылған жұмыс тобымен ҚР «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.

Заңның жобасымен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту көзделген, яғни:

1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылым қызметкерлерінің барлығын толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру;

2. еңбек сіңірген жылдары үшін мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру құқығын:

- құқық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметкерлеріне;

- еңбек сіңірген жылдары кемінде 20 жыл болатын ТМД елдерінен келген зейнеткерлерге;

- қызметке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш рет түскен және бюджет қаражаты есебінен зейнетақысыз зейнетақы төлемдеріне құқықпен жұмыстан босатылған азаматтарға мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру құқығын беру;

3. әлеуетті құрылым қызметкерлері ақшалай қамтылымдарының бюджет қаражаты есебінен 20 %-дық МЗЖ аудару нормасын тоқтату;

4. әлеуетті құрылым қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аудару шартында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарында екінші жартысын сақтай отырып, бюджеттің кірісіне олардың зейнетақы жинақтарының жартысын бір уақытта қайтаруды жүзеге асыру;

5. зейнетақы мөлшерінде айырмашылықтарды болдырмау мақсатында зейнеттегі зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдері мөлшерін біржолғы саралап қайта есептеуді (бюджетке қайтарылатын 50 % зейнетақы жинақтарының есебінен) жүзеге асыру ұсынылады.

Концепцияға сәйкес әлеуетті құрылымдардың және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобымен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы ҚР Парламентімен мақұлданып, Қазақстан Республикасы Елбасына бекітуге жіберілді.

Заң жобасында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері Концепцияға және әлеуетті құрылымдардың барлық қызметшелерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіруге сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтарынан кейін қызметтен босатылған отставкадағы сот төрағаларына, ай сайын алатын өмір бойғы қамсыздандыруда тұрған әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметшілеріне төленбейді. (2015 жылға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 11182 теңгені құрайды).

1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне келесі әскери қызметшілер құқылы:

  • Әскери қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбең сіңірген, қызметте тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына жеткендер;
  • Әскери қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына, немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
  • Әскери қызметте жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде жиырма жыл және алты ай әскери қызметте үздіксіз қызмет атқаран, қызметте тұрудың Қзақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетуіне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылғандар;

Әскери қызметке алғаш рет 1998 жылғы 1 қаңтарынан кейін шақырылған және 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін әскери қызметтен босатылған, қызметтен босатылу күніне 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылатын, заңнамалық нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін талаптары бар әскери қызметшілер,еңбек сіңірген жылдары және әскери қызметтен босатылу күніне ақшалай үлесінің есебімен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқылы.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне иелену құқығы Заң жобасына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін әскери қызметшілердің пайдасына бюджеттік қаражат есебінен аударылған, міндетті зейнетақы жарналарының елу пайызын қайтарған жағдайда пайда болады.

2016 жылғы 1 қаңтарына дейін еңбек сіңірген жылдары үшін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіпте, бюджеттік қаражат есебінен аударылған, міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайыз қайтарылған жағдайдатолық көлемге жеткізу есебімен қайта саналатын болады.

Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай үлестің елу пайыз есебінен белгіленеді. Әскери қызметте жиырма бес жылдан көп әрбір қызмет еткен толық жыл үшін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері екі пайызға, әскери қызметтен босатылу күніне әрбір толық еңбек стажының жылы үшін, - ақшалай үлестің бір пайызына артады. Зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшері ақшалай үлестің алпыс бес пайызынан аспайы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама