• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

06 қаңтар, 2016

Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасындағы әскери зейнеткерлерге қатысты жаңа өзгерістер

Ағымдағы жылы ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР күштік құрылымдарының қызметкерлері толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылуға көшіріледі. Бұл ретте әскери қызметшілер жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталымның 50 пайызын мемлекеттік бюджетке қайтарады.

Мемлекет аударып отырған жинақталымның жартысын қолданыстағы әскери қызметшілер, толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алып жүргендер, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет орналасқандар мен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алуға құқылы адамдар қайтаруы қажет. Зейнетақысы толық көлемде есептелген қолданыстағы әскери зейнеткерлерге мұның қатысы жоқ. Олар белгіленген зейнетақы төлемдерін алуды әрі қарай жалғастыра береді. 

Мемлекеттік зейнетақыны толық көлемде алу үшін міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын қайтару кезінде толық көлемде жеткізе отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі.

«Сөзсіз, әскери қызметшілердің мемлекеттік бюджеттен зейнетақыны толық көлемде алатыны дұрыс шешім.  Мен – қолданыстағы зейнеткермін. Алайда, зейнетақыны толық емес көлемде алып жүрдім. Себебі, 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілім шамамен 5 жыл болатын. Енді қайта есептеуден кейін менің зейнетақым екі еселенді, яғни 60 000 теңгеден 123 000 теңгеге дейін ұлғайды. Барлық осы өзгерістердің арқасында әскери қызметшілер зейнетті демалысқа шығар кезде лайықты зейнетақы алады деп ойлаймын», - деді запастағы медициналық қызметінің подполковнигі Серік Садыров.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскери қызметшілер шартты түрде 3 санатқа бөлінгенін айта кеткен жөн. Бірінші санат – 1998 жылғы 1 қаңтарда 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі барлары.  Олар мемлекеттік бюджеттен еңбек өтілі үшін толық көлемде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Олардың зейнетақысы ақшалай ұсталымның шамамен 50-65% құрайды. Екінші санат – 1998 жылғы 1 қаңтарда еңбек өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілер.  Олар толық емес көлемде мемлекеттік бюджеттен және ақшалай ұсталымнан 20% көлемінде жүргізілген зейнетақы жинақталымдары есебінен зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Бұл санаттағылардың зейнетақысы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жалпы еңбек өтілі бойынша тағайындалады. 

Үшінші санат – 61% құрайтын ең көп санды әскерилер. Яғни,  1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке орналасқандар. Олар зейнетке шыққанда 20% көлемінде зейнетақы жинақталымдарынан ғана зейнетақы ала алады. Мемлекет есебінен олар зейнетақы алмайды. Олардың зейнетақысының орташа көлемі 3-5 мың теңгені құрайды. Толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру әскери қызметшілердің аталған санаты үшін өте маңызды, өйткені, олар ең төменгі зейнетақы төлемдерін алушы еді.

Енді әскери қызметте шекті жасқа жеткеннен кейін, денсаулық жағдайы немесе ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша еңбек өтілі 25 жыл немесе жалпы еңбек өтілі 25 жыл (оның ішінде 12 жыл 6 айы үздіксіз әскери қызмет) болған кезде барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджеттен толық көлемде еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алатын болады.

2142
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН