• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

28 тамыз, 2015

25 қазақстандық әскери қызметшіге жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөлімінің 25офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің отбасы тұрғын үйге ие болды. Қарағанды облысы Спасск қаласындағы жаңа пәтерлердің кілттерін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов салтанатты түрде табыс етті.

«Біз екі бөлмелі жаңа пәтерлерге ие болдық. Ол біздің барлық талаптарымызға сай: кең, таза, жайлы. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды оқиға», - деді 36352 әскери бөлімінің офицері капитан Әнуар Жаубек.

Салтанатты іс-шараға қатысу үшін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері Исмагил Ғалиуллин шақырылды. Соғыс ардагеріне генерал-майор Сұлтан Қамалетдинов «Сағадат Нұрмағамбетов» медалін табыс етті.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Елбасының тапсырмаларын орындау барысында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жан-жақты әлеуметтік қорғау жөніндегі мақсатқа сай жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үймен қамтамасыз ету осы бағыттағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Мен сіздерге пәтерлеріңіздің кілтін табыс еткеніме өте қуаныштымын», - деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Қамалетдинов.

Сонымен қатар бүгінгі күні Спасскіде 100 пәтерлі көп қабатты үш тұрғын үй тұрғызылғанын айта кеткен жөн. Жуырда көптеген әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының өз үйлері болады.Қызмет атқару орындарында жайлы тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

4345
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама