• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

12 ақпан, 2018

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау жөніндегі қызмет өзінің жемісін беруде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Восход-ORIEL» компаниясының қолдауымен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет мүмкіндігі шектеулі әскери қызметшілердің балаларына жәрдем беру бойынша ауқымды науқанды бастады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету үшін «Восход-ORIEL» фирмасы қолұшын созуға ұсыныс білдірді. Тау-кен өндіру компаниясы қаланың дамуына үлес қосудан басқа, ұдайы негізде өңірдің қайырымдылық, әлеуметтік және мәдени бағдарламаларына қолдау білдіретін Хромтау қаласының қала түзуші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бұл жолы кәсіпорын назарына Ақтөбе қаласы 30238 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің мүмкіндігі шектеулі балалары ілікті. Аталған бөлім әскери қызметшілерінің бірнеше отбасы мүмкіндігі щектеулі балаларды тәрбиелеп отыр. Сонымен, капитан Дмитрий Сорокиннің екі баласында есту қабілетінде туа біткен кемістік бар. Ал лейтенант Анжела Темірбаеваның қызы мүгедек арбасы мен ұдайы түрде ине терапиясы ем-домын алуға зәру болып отыр. Демеушілердің көмегінің арқасында капитан Дмитрий Сорокиннің балалары қажетті есту аппараттарына қол жеткізді. Ал 6 жаса Альбина қымбат тұратын емдеу курсына ақшалай сертификат пен көптен күткен мүгедек арбасын алды. Бұл процесте бөлім қолбасшылығы мен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтің алар рөлі орасан зор екенін айта кету қажет. Бүгінде арбаға таңылған мүгедек балаларға көмек көрсету заманауи жоғары дамыған қоғамда көкейкесті мәселе болып отыр.

Жарақат алған, туа біткен мүкістік пен әртүрлі созылмалы аурулардың салдарынан толыққанды өмір сүруден айырылған балалардың саны өте көп. Ал дертке шалдыққан балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылардың өмір сүру деңгейі қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға және ем-домның төлемін жасау үшін үнемі шығындарға байланысты айтарлықтай нашарлауда. Осыған байланысты, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметшілердің отбасыларының, оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып-қағып отырған жанұялардың проблемаларына айрықша көңіл бөлінеді. Мұндай отбасылар үшін қажетті көмек көрсетуді іздестіру ұдайы жүргізіліп тұрады.

1947
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві