• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

ТМД Қорғаныс министрлер кеңесі

21 қазан, 2017

«Жауынгерлік бауырластық-2017» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті

Алматы облысының «Іле» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті.

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрылуы, ҰҚШҰ-ның құрамына кірмейтін мемлекет аумағында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамасы бойынша өткізілетін бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операция ауданында олардың өрістетілуі, бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны жүргізу, сондай-ақ бітімгершілік тапсырмаларды орындау кезінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығудың белсенді фазасында бітімгершілік бөлімшелердің жеке құрамы іс жүзінде бақылау-өткізу және бақылау пункттерінде қызмет өткеру, жергілікті жер мен елді мекендерді патрульдеу, маңызды нысандарды күзету, жер мен нысандарды минасыздандыру, радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды жүргізу, өрт салдарын жою, жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы тұру, ізгілік жүктерді алып жүру, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.

Ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің командирлері бітімгершілік тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда, бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны жүргізу барысында бөлімшелерді басқару, өзара іс-қимылды ұйымдастыруда практикалық машықтарын жетілдірді.

Оқу-жаттығудың ерекшелігі ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесінде авиациялық компонент, оның ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ психологиялық күрес және ақпараттық қарсы күрес бөлімшелері тартылды.

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ ҰБК поицейлер персоналының іс-қимылдарын БҰҰ Полиция департаментінің қоғамдық тәртіп жөніндегі кеңесшісі Джорджио Джиаймо қадағалап отырды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың (БҰҰ, ҚКХК), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларда офицерлер, сержанттар және сарбаздар жақсы практика және тәжірибе жинақтайды, өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндіктері бар. БҰҰ-ның әдістемелері мен стандарттары бойынша бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде заманауи кешенді операциялардың өткізілуін ескере отырып, арналым бойынша іс-қимылдарға Ұйымның бітімгершілік күштерін дайындауды жетілдіру жүруде. Бүгін біз «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы – бітімгершілік контингенттеріміздің бірлескен дайындығының негізгі кезеңін аяқтаймыз. Сіздерге оқу-жаттығу барысында көрсеткен жоғары кәсібиліктеріңіз, танытқан ынта-жігерлеріңіз бен керемет машықтарыңыз үшін алғыс білдіремін», - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

«Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезекті кезеңі болып табылатынын айта кету қажет. 2017 жылғы қарашаның 10-ы мен 20-ы аралығында Тәжікстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштері контингенттерінің тапсырмаларды орындауы шешуші кезең болмақ.

 

1696
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві