ҚР Қорғаныс министрлігі

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды. Министрлік, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды тарап болып жасауға құқылы.

4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен директивалар түрінде актілер шығарады.

Әскери доктринада жазылғандай Қарулы Күштерінің басшылығы бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқарады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттің қорғанысымен, Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың құрылыс және даму концепциясын әзірлеу және үкіметте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізумен байланысты міндеттерді атқарады, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс үшін қажетті қаражат бөлу туралы  ұсыныстарды әзірлейді, Қарулы Күштердің материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады және мемлекеттік қорғаныс мәселелерін мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуін ұйымдастырады. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы мемлекеттің Қарулы күштерін бейбіт уақытта және соғыс кезінде басқаратын басты орган болып табылады, Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың құрылыс және даму, олардың жедел, жауынгерлік және мобилизациялық даярлық жоспарын әзірлеуді үйлестіреді, Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қолдану және әрекет етуінің жедел-стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ, қорғаныс мүддесінде мемлекет аумағының жедел жабдықталу жоспарын әзірлейді.  

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қолбасшылар (бастықтар) басқа әскерлер мен әскери құрамаларды тікелей басшылық етіп,  басқарады.  

Қауіпті уақытта және соғыс кезінде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, соғыс кезінде мемлекеттік және әскери басқару органдарын құру және жұмыс істеуі мен  басқаруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама