• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ведомстволық бағынысты мекемелер

«ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС» АҚ

«ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС» акционерлік қоғамы  - бұл көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жүйесі бойынша ірі кәсіпорын болып табылады. Қазіргі уақытта «ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС» акционерлік қоғамының құрылымына еншілес «Астана Әскери құрылыс» ЖШС-ға «Батыс» құрылыс жөніндегі филиал  кіреді. Жалпы алғанда, «ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС» АҚ құрылымына 7343 жұмыскер кіреді.

«ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС» АҚ қызметінің негізгі түрі мыналар болып табылады:

  • - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің режімдік объектілерінің жоба алды және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
  • - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің объектілерінің күрделі құрылысы мен күрделі жөнделуі; 
  • - режімдік әскери объектілерді, ҚР ҚК инфрақұрылымының объектілерін ұстау және пайдалану.

Қоғамның негізгі міндеттері:

1) Холдингтің шаруашылық қоғамдарының акционері (қатысушысы) ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының құқықтары мен уәкілеттіліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесінде Холдингтің шаруашылық қоғамдарының акционері (қатысушысы) ретінде Қоғамның құқықтары мен уәкілеттіліктерін іске асыру.

2) Холдингтің шаруашылық қоғамдары арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қойған тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, тігінен кіріктіру холдингісінің құрылымында өзінің басқарушылық функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ету арқылы оларды еншілес және тәуелдіі қоғамдардың орындауын бақылау.  

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесінде корпоративтік басқару функциясы арқылы Холдингтің шаруашылық қоғмадарының мүліктік, өндірістік және экономикалық әлеуетін сақтау және дамыту,  мүліктік кешен мен экономикалық әлеуеттің сақталуы мен өсуін қамтамасыз ету, жан-жақты бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде, профильдік емес және пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлікті айқындау, оны іске асыру, техникалық жаңғырту, профильдік активтерді қайта жарақтандыру және инновациялық дамыту, сондай-ақ Холдингтің шаруашылық қоғамдары ұсынатын, оның ішінде, профильдік емес жылжымалы мүлікті іске асырудан түскен  ақшалай қаражатты пайдалану есебінен өнім мен қызметтердің сапасын жақсарту.

4) Корпоративтік, оның ішінде, қоғамдардың ревизиялық комиссиялары арқылы бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің холдингісіне қойылған тапсырмалардың, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік келісімшарттарының, сондай-ақ тігінен кіріктірілген холдинг құрылымында негізгі қоғамның басқарушылық функцияларын іске асыру арқылы басқарушылық функциялардың орындалуын орталықтандырылған түрде бақылау.

5) Корпоративтік басқару, қаржылық және кадрлық саясат, сондай-ақ Холдингтің менеджментіне қатысты саясат аясындағы өндірістік процестердің бірыңғай нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз етілуі, корпоративтік саясат, бизнес жоспарлаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу мен енгізу негізінде құрылған сауда сатып алу қызметін басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мүддесінде мақсаттар мен міндеттерге барынша қол жеткізу шеңберінде Холдингті қайта құруды жүзеге асыру.   

6) Профильсіздікті бағалаудың бірыңғай өлшемшарттары негізінде құрылған Холдингтің профильдік емес жылжымалы мүлкін, сондай-ақ оларды ұйымдастыру немесе қайта құру туралы шешім қабыладуда ұтымды қағидаттар мен көзқарастарды тиімді басқару.

7) Холдингтің проблемалық активтерімен бірыңғай нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету және жұмысты сүйемелдеу.

8) Холдингтің жеке меншігінде/пайдаланылуында тұрған нысандар туралы ақпараттың толыққандығы мен нақтылығын, олардың сақталуын, тиімді басқару мен пайдалануды қамтамасыз ету үшін Холдинг мүлкінің бірыңғай тізілімін құру және жүргізу.

9) Әскери округтерде әскери басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

АҚ «Әскери құрылыс» холдингісінің басқарушы компаниясы болып табылады.  Холдингті басқару, оның ішінде, корпоративтік басқару жүйесі қағидаттарының әзірленуі мен енгізілуін жүзеге асырады. Аталған жүйенің пайдаланылуы бірінші кезекте «Әскери құрылыс» холдингісінің шаруашылық қоғамдарымен Қазақстан Қорғаныс министрлігі тапсырмаларының орындалуына бағытталған. 

Мақсаттар мен міндеттерді қойған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі атынан Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Мүліктік қатынастар департаменті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама