• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ведомстволық бағынысты мекемелер

«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ

Қазіргі «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамының ізашары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны («ҚР ҚК ГҚО» РМК) болды.

«ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2000 жылғы № 1916 шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 05.01.2001 жылғы №4 бұйрығымен құрылды.

«ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін сандық картография негізінде топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар геоақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» 30.09.2004 жылғы №1003 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 18.05.2005 жылғы №179 бұйрығымен «ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлiк қоғамы (Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде Қоғам өз қызметін төмендегідей бағыттарда жүргізеді:

  • Түрлі салаларда геоақпараттық жүйелерді жасау;
  • картографиялық-геодезиялық өндіріспен қатар, сандық карталар мен ГАЖ-өнімдерін жасау;
  • полиграфия және баспа қызметі;
  • деректерді беру және телекоммуникациялық желілер жүйелерін жасау және пайдалану;
  • «Золотые пески» (Қапшағай қ.) демалыз базасында сервистік қызметтер көрсету.

Қоғам пайда болған кезінен бастап дамуындай айтарлықтай нәтижелерге жетті: геоақпараттық жүйелерді жасауға, картографиялық-геодезиялық өндірістерге, ГАЖ-өнімдерге, деректерді беру және телекоммуникациялық желілер жүйелеріне, полинрафиялық және баспа өнімдеріне қажетті жабдықтар орнатылып, техникалық құралдар мен технологиялық базалар заманға сай жаңартылды.

Қоғамның маркетингтік саясаты, сапа менеджментінің жүйесі, стратегиялық жоспарлауы мен менеджменті заманауи іскерлік қызметтің барлық қажетті талаптарына сай.

Қоғамда бай жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан мен шетелде үлкен жетістіктерге ие және танымал, жоғары білікті кәсіпқойлар жұмыс істейді.

Бүгінгі күні «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-ы өзінің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімімен тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін ғана емес, сонымен бірге басқа да ұйымдарды қамтамасыз етеді.

Сауатты құрылған топ-менеджментінің арқасында Қоғам соңғы жылдары өз кірісін тұрақты түрде өсіріп келеді, оның бір бөлігін өз өндірісін технико-технологиялық жаңарту мен қызметкерлерінің әл-ауқатын көтеру үшін шығындайды, осылайша өмірдің жоғары әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-ы – Қазақстан Республикасының алдағы тұрақты дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген тәжірибелі, технологиялық жағынан заманға сай жабдықталған, табысты, бәсекеге қабілетті және жоғары білікті кадрлық қызметкерлері бар компания.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама