Арнайы әскерлер
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы әскерлері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде инженерлік қамтамасыз етуді, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауды ұйымдастыруға арналған.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы әскерлерінің құрамына:
- инженерлік әскерлер басқармасы;
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау әскерлерінің басқармасы;
- радиоэлектрондық күрес басқармасы кіреді.
ҚР ҚК Арнайы әскерлері Бас басқармасының бастығы
Полковник Битебаев Танаш Омарқанұлы
1966 жылы 14 қаңтарда Семей қаласында туған.
1988 жылы Тамбов жоғары әскери командалық химиялық қорғау училищесін аяқтады.
2001 жылы РФ ҚК радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери университетін аяқтады.
2012 жылы РФ БШӘА жанындағы Жоғары академиялық курсты аяқтады.
1988 жылғы қыркүйектен бастап 1989 жылғы қыркүйек аралығында – 73805 әскери бөлімінің арнайы өңдеу ротасы арнайы өңдеу взводының командирі.
1989 жылғы қыркүйектен бастап 1990 жылғы қазан аралығында – 22331 әскери бөлімі оқу-жаттығу взводының командирі.
1990 жылғы қазаннан бастап 1992 жылғы қараша аралығында - 22331 әскери бөлімі оқу-жаттығу ротасының командирі.
1992 жылғы қарашадан бастап 1994 жылғы ақпан аралығында – 12740 әскери бөлімі химиялық қызметінің бастығы.
1994 жылғы ақпаннан бастап 1994 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметі жедел-барлау бөлімінің офицері.
1994 жылғы қарашадан бастап 1995 жылғы қаңтар аралығында - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметі жедел-барлау бөлімінің аға офицері.
1995 жылғы қаңтардан бастап 1998 жылғы тамыз аралығында – 32355 әскери бөлімі химиялық әскерлерінің бастығы.
1998 жылғы тамыздан бастап 2001 жылғы тамыз аралығында – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери университетінің тыңдаушысы.
2001 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы желтоқсан аралығында – 73805 әскери бөлімінің командирі.
2002 жылғы желтоқсаннан бастап 2004 жылғы мамыр аралығында РХБҚ әскерлерінің бастығы – Шығыс әскери округі басқармасы РХБҚ қызметінің бастығы.
2004 жылғы мамырдан бастап 2008 жылғы ақпан аралығында РХБҚ әскерлерінің бастығы – «Шығыс» ӨҚ әскерлері қолбасшысы басқармасы РХБҚ қызметінің бастығы.
2008 жылғы ақпаннан бастап 2008 жылғы қазан аралығында – Арнайы әскерлер бас басқармасы РХБҚ әскерлері басқармасы РХБҚ жоспарлау бөлімінің бастығы.
2008 жылғы қазаннан бастап 2010 жылғы қаңтар аралығында РХБҚ әскерлері басқармасының бастығы – ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы РХБҚ әскерлерінің бастығы.
2010 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы ақпан аралығында – ҚК РХБҚ әскерлерінің бастығы – ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы РХБҚ әскерлері басқармасының бастығы.
2012 жылғы ақпаннан бастап – ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасының бастығы.
Наградталуы: орден - II дәрежелі Айбын, 7 медаль.
Басқаларын қарау: ҚР Қарулы күштері
-
23.02.2015
-
23.02.2015
-
23.02.2015
-
22.02.2015