• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Кадрлық саясат

Техника мен қарулар қаншалықты заманға сай болғанымен, оларды адамдар басқарады, нәтижесінде жауынгерлік тапсырманың орындалуы адамдық факторға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, күнделікті қызметімізде адамдық фактор әлі де басым бағыт болып табылады.

Әуе қорғанысы күштерін аймақтағы қазіргі әскери-саяси ахуал талаптарымен салыстыруға келетіндей жеткілікті жауынгерлік және мобилизациялық әзірлікте ұстау үшін жұмысымыздың басты бағыттарының бірі ретінде құрамаларға, бөлімдер мен бөлімшелерге әскери кадрларды дайындау деп есептейміз.

Әскери кадрларды даярлаудың мақсаттарын, міндеттері мен параметрлерін Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы әскери коллегияда сөйлеген сөзінде нақты айқындады.

Бүгінгі күні көрсетілген мәселелерді шешу келесі бағыттар бойынша жүзеге асуда:

Біріншіден, Ресей Федерациясымен қолбасшлық кадрларды әскери академиялар мен училищелерде даярлау жөнінде берік, осы күні күші бар келісімшарттар бар.

Екіншіден, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының кадрлармен жұмыс жөніндегі нұсқауларын орындай отырып, біз Қазақстанның азаматтық және әскери жастары ішінен өзіміздің офицерлік кадрлар мен әскери мамандарды даярлауға баса назарды аударамыз.

Қорғаныс министрінің жеке бастамасының арқасында, ел Президентінің қолдауымен, оның мемлекеттік деңгейде ойлау, Қарулы Күштер мен Әуе қорғанысы күштерінің даму келешегін алдын ала болжай алу қабілеттерінің арқасында екі жоспарлы әскери жоғары оқу орны ашылып, қазір жемісті жұмыс істеп жатыр. Олар – жас офицерлік кадрлар – ұшқыштарды оқытатын және тәрбиелейтін Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен ӘШҚ және байланыс әскерлеріне мамандарды даярлайтын Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты.

Әуе қорғанысы күштері бөлімдерін әскери қолдану орталығы құрылып, жұмыс істеп жатыр, осы орталықта ұшқыштар құрамының, ЗЗӘ мен РТӘ бөлімдері мамандарының соғыс жағдайына жуық жағдайларда кәсіби шеберлігін жетілдіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ӘШҚ бөлімдеріне арналған роталық және батальондық буын мамандарын даярлау ұйымдастырылған.

Әуе қорғанысы күштерінде «ХХІ ғасыр офицері» концепциясының аясында бүгінгі күні «штабтық офицерді даярлаудың көп жоспарлы бағдарламасы» енгізілді. Негізгі қолбасшылық-штабтық қызметтерге тағайындалуға үміткерлер тұрақты түрде электронды тестілеуден және ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысы басқармасы жетекші құрамымен сұхбаттасудан өтеді, әскери дисциплиналардан сынақтар тапсырады.

Бір жағынан бұл қызметтерге тағайындау кезінде біздің қателік жасамауымызға мүмкіндік береді, әскери қызметкерлердің кәсіби өсуінің мүддесі үшін қызмет етеді.

Басқа жағынан құрамалар мен бөлімдерге жаңа техниканың келуін ескере отырып, офицерлер жаңа қызметтерге кәсіби қайта даярлаудан өтеді.

Үшіншіден, НАТО стандарттарына сай офицерлік кадрларды оқытатын елдерде офицерлерді даярлау бойынша біршама тәжірибе жинақтадық.

Офицерлік корпусты, Қарулы Күштер элитасын және жетекші әскери мамандарды өз күшімізбен даярлау басымдығын таңдағанымыз дұрыс екенін уақыт көрсетті. Әскери жоғары оқу орындарымыздың түлектерінің басым бөлігі өз конституциялық және әскери борыштарын адал атқарып жатыр.

Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қорғаныс министрі әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуының сұрақтарын, әскери қызметкерлер отбасыларының қажеттіліктері мен проблемаларын шешуге әрдайым көңіл бөледі. Осы ықылас шынымен сезіледі.

Тек 2002 және 2003 жылдары Қарағанды қаласында жаңадан құрылған әскери нысандарда 127 әскери қызметкер тұрмысқа жайлы пәтерлерғ алды, офицерлердің 80%-ы жаңа орынға көшкеннен кейін екі айдан соң Ақтау қаласында пәтерлерге ие болды, Малиновка к., Форт-Шевченко, Шардара мекендерінде орналасқан бөлімдер мен бөлімшелердегі әскери қызметкерлердің 100%-ы мен олардың отбасылары тұрмысқа жайлы пәтерлерде тұрады.

Бүгінгі күні ел Президенті мен мемлекет әскери қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін, әсіресе материалдық және тұрмыстық жайластырылмағандығын табысты шешу үшін қолдан келетіннің барлығын істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві