• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

24 қаңтар, 2018

Оқу-жаттығу шеңберінде профессорлық-оқытушылар құрамының жедел даярлығы жетілдірілуде

2018 жылға арналған Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбеновтің жетекшілік етуімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының басқармасы және ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының профессорлық-оқытушылар құрамымен екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1200-ге жуық әскери қызметші тартылды. Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу болып табылады. Оқу-жаттығудың мақсаты жауынгерлік іс-қимылдарға шешім қабылдау барысында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы басқармасы мен ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты лауазымды адамдарының машықтарын жетілдіру болып табылады.

Оқу-жаттығу үш кезеңде өткізілуде. Бірінші кезеңде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы басқармасы мен ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының профессорлық-оқытушылар құрамы жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Оқу-жаттығудың екінші кезеңі барысында әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау бойынша мәселелерді пысықтайды. Ал үшінші кезеңде бөлімшелер іс жүзінде жауынгерлік арналым бойынша іс-шараларды орындайды.

Жоғары әскери оқу орындарының ҚР Қарулы Күштері түрлер бас қолбасшылары басқармаларының қарамағына көшкен сәттен бастап практикалық сабақтардың саны елеулі ұлғайып, практикалық әскери дайындықтың деңгейі артты.

997
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама