• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

19 қазан, 2019

Қазақстандық әскери ұшқыштар қысқы кезеңге дайындалуда

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының ұшақтар мен тікұшақтар паркі қысқы кезеңде ұшуларды орындауға дайындалуда. Әскери институтта «Ақтөбе» және «Хлебодаровка» авиациялық техникасы мен аэродромдарын күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жүргізіліп жатыр.

Авиациялық техника басқа техникалар сынды жылдың суық мезгілінде пайдалануда алдын ала дайындықты қажет етеді. Күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу және пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралар суық кезең басталғанға дейін жүргізіледі және мұнда тек оқу-өндірістік базасы мен жердегі қызмет көрсету құралдарын дайындау ғана емес, авиациялық техникадағы тренаждарды да жоспарлы регламенттік жұмыстарымен ұштастырылады.

«Суық кезеңдердің басталуына дейін авиациялық мамандар Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының авиациялық паркін құрайтын ұшақтар мен тікұшақтарды дайындаулары қажет. Бір әуе кемесін қысқа дайындау жұмыстары жеті күнге дейін созылады, оның ішінде қозғалтқыштардың, бәсеңдеткіштердің майларын ауыстыру бойынша монтаждау және бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі, радиоэлектрондық жабдықтар тексеріледі, сондай-ақ арқандарды тарту және тағы да басқа жұмыстар орындалады» - дейді аға инженер-әдіскер подполковник Нұркен Жұмашев техникалық іс-шаралардың ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Оның айтуынша, мұнда кабина шынысының резеңке тығыздауышына, амортизациялық тіректерге, күштік цилиндрлерге және жүйелердегі басқа да қосылыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Электрлік, радиотехникалық және навигациялық жабдықтар, сондай-ақ өртке қарсы жүйе өзіне аса назар аударуды талап етеді.

Қысқы кезеңге авиациялық техникаларды ғана емес, Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының оқу-авиациялық орталығының ұшу-нұсқаушы құрамын да дайындайды. Ал күзгі-қысқы кезеңдегі дайындықты барлық авиациялық персонал міндетті түрде өтеді. Ұшқыштар сынақтарды тапсырып, қиын метеорологиялық жағдайларда, күндіз және түнде, нөлдік көріну жағдайында ұшуларды орындайды.

Тікұшақтарда күзгі-қысқы кезеңдегі практикалық даярлығында жердегі және ауадағы авариялық жағдайлар бойынша, аспаптар арқылы ұшу және қону, «екінші айналымға» кету, «тікұшақты күрделі жағдайдан шығару» пысықталады. Сондай-ақ күн сайын іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету бойынша кезекшілік атқарылады.

116
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН