Тікұшақ экипаждары түнгі ұшуды орындады
Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының әскери авиациясы ұшу құрамының нұсқаушылары түнгі жағдайда «Ақтөбе» әскери әуеайлағында тікұшақ экипаждарын даярлауды жетілдіреді.
Курс бағдарламасына жердегі және ауадағы авариялық жағдайларды пысықтау, аспаптар бойынша ұшу және қону, сонымен қатар «екінші айналымға» кету, тікұшақты күрделі жағдайдан шығару, апатқа ұшырағандарды іздеу және эвакуациялау жаттығулары, берілген бағыт бойынша ұшу кіреді.
Түнде ұшулардың бірқатар ерекшеліктері бар. Мәселен, жер бетінің әлсіз жарықтануы, бағдарлардың көрінуінің нашарлауы, навигациялық элементтерді анықтау дәлдігінің төмендеуі және көкжиектің орналасу сызығы.
«Ұшқыштың кәсіби деңгейін арттыру түрлі оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Дайындық бағдарламасы экипаждардың ұшу шеберлігін жетілдіруге бағытталған», – деп атап өтті эскадрилья штабының бастығы майор Александр Демченко.
Оның айтуынша, түнгі уақытта тікұшақ жүргізу, әдетте, қарапайым метеорологиялық жағдайларда көзбен шолып бағдарлау шарттарының нашарлауымен және күрделі жағдайларда оны жүргізудің мүмкін еместігімен сипатталады. Бұл жарықтандырылмаған бағдарлардың шектеулі көрінуінен, көкжиек сызығының толық көрінбеуінен, жасанды жарықтандыру кезінде бағдарлар конфигурациясының бұрмалануынан және жарық бағдарларына дейінгі қашықтықты көз мөлшермен анықтаудың қиындығына байланысты болады.
Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының ұшу құрамы күн сайын күндіз және түнгі уақытта кенеттен міндеттер туындауы мүмкін іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету бойынша кезекшілікті атқарады. Сондықтан экипаждар кез-келген жағдайда және уақытқа қарамастан ұшуға әрқашан дайын болуы тиіс.
Басқаларын қарау: Жаңалықтар
-
10.12.2019
-
11.11.2019
-
26.10.2019
-
19.10.2019