Негізгі ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн реформалау жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін Қазақстан Республикасы қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында 1998 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері құрылды.

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі №146 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні 18 тамыз күніне бекітілді.

Әуе қорғаныс күштерінің құрылуы әскери дайындық мәселелерінде, әсіресе алдымен оның техникалық құрамдас бөлігі, сонымен қатар жауынгерлік дайындық мәселелерінде ілгері қарай қадам жасауға мүмкіндік берді.

Қарулы күрестің салмақ түсу нүктесін әуе саласына ауыстыру бойынша әлемдік үрдіс ескерілді, осыған байланысты ұшу қашықтығынан да, соққы беретін нысаны жағынан да, қуаты жағынан да шектеулері жоқ дерлік әуеден шабуылдау құралдары анағұрлым көбірек қауіп тудыра бастады. Қазақстан жағдайында осындай қатерге тек авиацияның, зенитті-зымыран және радиотехникалық әскерлердің біріккен күшімен ғана тиімді төтеп беруге болады.

Тек осындай әдіспен ғана анағұрлым ұтқырлыққа қол жеткізуге болады және елдің маңызды аймақтары мен әскерлер топтасуын қорғау үшін күштер мен құралдардың жылдам шоғырлану мүмкіндігін қамтамасыз етуге болады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік топтарды жөнге салу бойынша, барлық ұшқыштар құрамын класына, олардың жоғарғы пилотаж өнерін меңгеруіне дайындықтар, шынайы шайқас жағдайында авиациялық және зенитті-зымыран кешендерін қолдануға дайындық бойынша жоспарлы және қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ұшқыштар мен зымыраншылардың моральдық-психологиялық тұрақтылығына, олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне және техника мен қарулардың жауынгерлік әзірлігіне ерекше назар аударылады.

Әуе қорғанысы күштерінің негізгі міндеттері:
  • Қазақстан Республикасы әуе шекараларының қорғанысын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік, әкімшілік және әскери нысандардың әуе шабуылына қарсы қорғанысы;
  • ҚР ҚК әскерлерінің басқа түрлері мен тектерін авиациялық қолдау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындау.
Әуе қорғанысы күштерінің құрамына төмендегілер кіреді:
  • әскери әуе күштері;
  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері;
  • тікелей бағыныщты бөлімдер;
  • парашюттік дайындық орталығы;
  • әуе қозғалысын басқару органдары;


1997 мен 2013 жылдарда болған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшылары

Авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Секенұлы Орманбетов (2013 пен 2017 жылдары)

1962 жылдың 12 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Зайсан кентінде дүниеге келген. 1983 жылы Харьков жоғары әскери авиациялық училищесін, 1996 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, 2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

1983 - 1987 жылдар аралығында - жойғыш полкі авиациялық буынының ұшқышы, аға ұшқышы және командирі. 
1987-1992 жылдар аралығында - Солтүстік әскерлер тобында (Польша) қызмет етті. Жойғыш авиациялық полкі буынының командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 
1992-1993 жылдар аралығында 21751 әскери бөлімінде эскадрилья командирі. 
1993 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе Қызыл Ту Кутузов ордені академиясының тыңдаушысы. 
1996 жылы 65229 әскери бөлімі командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары. 
2000 жылы 21751 әскери бөлімі командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары. 
2002 жылы авиациялық база командирі (21751 әскери бөлімі). 
2007 жылы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары. 
2010 жылы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штабының бастығы. 
2012 жылдан бастап ӘҚК бас қолбасшысының (жауынгерлік даярлық жөніндегі) орынбасары - жауынгерлік және дене даярлығы бас басқармасының бастығы. 
2013 жылдан бастап ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы. 
2017 жылдан бастап ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары. 

"Әскери ұшқыш-мерген". ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 

Авиация генерал-лейтенанты Александр Николаевич Сорокин (2007 мен 2013 жылдары)

1954 жылы 22 сәуірде Амур облысы Тынзанск ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Харьков жоғары әскери әуе ұшқыштар училищесін, 1992 жылы Ю.А. Гагарин атындағы әскери әуе академиясін бітірген. 2002 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысының (Әуе қорғанысы күштері бойынша) орынбасары, 2004 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары, 2007 мен 2013 жылдары ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген - ұшқыш». «Даңқ» орденінің иегері және басқада медальдармен марапатталған.

Генерал-лейтенант Копен Қабылқасымұлы Ахмадиев (2001 мен 2007 жылы)

1955 жылы 6 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Ресей Федерациясындағы Әуе қорғанысы зениттік-ракета училищесін, 1989 жылы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери командалық академиясын бітірді, 1998 жылы ҚР ҚК Әуе қорғанысы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2001 мен 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің бірінші бас қолбасшысы. Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен және одан да басқа медальдармен марапатталған.

Армия генералы Мұхтар Капашұлы Алтынбаев (2000 мен 2001 жылдары)

1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері ұшқыштардың Армавир жоғары әскери училищесін, 1982 жылы Кеңес Одағының маршылы Г.К. Жуков атындағы Әуе қорғаныс әскери командалық академиясын бітірді. 1992 мен 1993 жылдары ҚР ҚМ Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, 1993 мен 1994 жылдары ҚР ҚК Әскери-Әуе күштерінің қолбасшысы, 1996 жылы қазан мен 1999 жылы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, 2000 мен 2001 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген - ұшқыш». «Халық Қаһарманы» жоғары дәрежелі атағымен марапатталған, Алтын жұлдыз белгісі, Отан ордендерімен, медальдарымен марапатталған, «Барыс» орденінің иегері, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Құрметті азаматы

Авиация генерал-майоры Анатолий Шияпович Васимов (1998 мен 2000 жылдары)

1953 жылы 10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка ауданы Рясенко ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Ставрополь ұшқыштар мен штурмандар әуе шабуылына қарсы жоғары әскери авиация училищесін, 1998 жылы М. Зрини атындағы Венгрияның әскери академиясын бітірген. 1992 мен 1993 жылдары Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің авиация бастығы және ҚР Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары. 1993 жылы Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, 1998 мен 2000 жылдары ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, үшінші дәрежелі «КСРО Отанға қызмет үшін» медалімен және одан да басқа медальдармен марапатталған.

Авиация генерал-майоры Мұхамеджан Шамушкенұлы Ибраев (1998 жылы)

1953 жылы 18 мамырда Алматы облысы Іле ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жоғары авиация маршалы К.А. Вершинин атындағы Барнауыл жоғары әскери авиациялық учелищесін, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын және 2000 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штаб әскери академиясын бітірген. 1996 жылы ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, 1998 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы лауазымдарын атқарды. Кәсіби деңгейі «Мерген - ұшқыш». Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен және одан да басқа медальдармен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама