• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Құрылымы

Әскери-әуе күштері

Авиация – елдің маңызды бағыттарын аудандары мен нысандарын әуеден келген жаудың соққыларынан қорғауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі айлалы әскер тегі.

Іс жүзінде қорғайтын нысандардан максималды қашықтықта кез келген әуе нысаналарын жоюға қабілетті. Оның құрамында зымырандық және зеңбіректік күшті қаруландырылған дыбыстан ұшқыр жойғыштар бар: МиГ-31 жойғыштары, МиГ-29 майдан жойғыштары, МиГ-27 және Су-27 жойғыш-бомбалаушылары.

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері ТМД елдері арасында Ресей ӘӘК-нен кейін саны жағынан екінші орын алады. Оның қарамағында 400-ден астам әскери ұшақтар, 80-нен астам транспорттық ұшақтар мен түрлі мақсаттардағы 300-ден астам тікұшақтар бар.

Түрлі типтегі ұшақтардың болуы Қазақстанның әскери-әуе күштеріне әуе кеңістігін қорғау бойынша, құрлық әскерлерін қолдау және қару-жарақтар мен жеке құрамды әуе арқылы жылдам тасымалдау бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Осы күні әскери-әуе күштерінде Су-27 модернизацияланды. Жетілдірілген машиналар Талдықорған қаласында орналасқан 21751 әскери бөлімінің «Жетісу барысы» эскадрильясының құрамына кіреді.

Қарамағында МиГ-31 тосқаулышы жойғыштары, МиГ-29, МиГ-29УБ, МиГ-23, МиГ-27 майдан жойғыштары, МиГ-27 жойғыш-бомбалаушылары, Су-25, Су-27 және Су-30СМ көпмақсатты жойғыштары, Ми-8, Ми-171Ш, Ми-17В-5 және Ми-26 әскери-транспорттық тікұшақтары, «Хьюи-2» тікұшақтары, ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары мен әскери-транспорттық авиацияның Ту-134, Ту-154, Ан-72, Ан-26, Ан-12 және С-295 ұшақтары бар.

Қазіргі кезде ҚР ҚК ӘҚК әскери авиациялық бөлімдері Миг-29, Миг-31, Су-27, Су-25 және Су-30 заманауи ұшақтарымен жасақталған. Бұл авиациялық кешендер – жетекші авиациялық сарапшылардың бағалауынша, аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттамалары жағынан әлемдегі ең үздіктерді бірі.

ӘҚК-нің қарулануында әуедегі және жердегі нысандарды жоятын заманауи құралдар бар.

Егемен Қазақстанның 20-жылдық тарихында алғаш рет қазақстандық ӘӘК әскери-транспорттық авиациясының паркі жаңа буынды ұшақтармен толығып жатыр.

2018 жылдың соңына дейін ӘҚК әскери-әуе күштерінің авиапаркі сегіз С-295 ұшақтарымен толықтырылады. Авиациялық паркті жаңартудың нәтижесінде әскерлерді, қару-жарақтар мен әскери техниканы жанармай құю үшін аралық тоқтаусыз кез келген стратегиялық бағытта жеткізе алатындай авиацияның аэротасымалдау мүмкіндіктері пайда болады.

Бүгінгі күні Қарулы Күштердің техникалық жасақталуының деңгейі анағұрлым жоғары, сапалы деңгейге жетті.

Бұл – Қарулы Күштерге Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің баса назар аударуының нәтижесі.

Қазіргі уақытта

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы

авиация генерал-майоры Косанов Даурен Жуматаевич

1969 жылдың 14 қазанында Павлодар облысы Краснокутск ауданының Новотроицкое кентінде туған. 1990 жылы Армавир ЖӘАҰУ-ін, 2005 жылы Ю.А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын, 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

1992 мен 2013 жылдарда болған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшылары:

Авиация генерал-майоры Алий Петрович Волков (1992 мен 1993 жылдары)

1961 мен 1998 жылдары Қарулы Күштерінің қатарында. 1966 жылы Качинск жоғары әскери әуе ұшқыштар училищесін, 1975 жылы Ю.А. Гагарин атындағы әскери әуе академиясін, 1988 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штаб Әскери академиясын бітірген. Египтте және Ауғаныстанда (1970 - 1971 жылдары) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысықан. 1990 жылы Орталықазия (Алматы қаласы) авиациялық корпус әскери округі қолбасшысы болып тағайындалды. 1992-1993 жылдары Әуе шабуылынан қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары лаузымын атқарды. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». Қылылту ордені, КСРО ҚК–де мінсіз қызметі үшін медалімен және басқада медальдармен марапатталды.

Армия генералы Мұхтар Капашұлы Алтынбаев (1993 мен 1996 жылдары)

1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Әуе қорғаныс әскери ұшқыштардың Армавир жоғары әскери училищесін, 1982 жылы Кеңес Одағының маршылы Г.К. Жуков атындағы Әуе қорғаныс әскери командалық академиясын бітірген, 1992 мен 1993 жылдары ҚР ҚМ Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, 1993 мен 1994 жылдары ҚР ҚК Әскери-Әуе күштерінің қолбасшысы, 1996 жылы қазан мен 1999 жылы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, 2000 мен 2001 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». «Халық Қаһарманы» жоғары дәрежелі атағымен марапатталған, Алтын жұлдыз белгісі мен Отан ордендері, медальдарымен марапатталған, «Барыс» орденінің иегері, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

Авиация генерал-майоры Мұхамеджан Шамушкенұлы Ибраев (1996 мен 1998 жылы)

1953 жылы 18 мамырда Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жоғары Маршал авиация К.А. Вершинин атындағы Барнауыл жоғары әскери авиация учелищесін. Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штаб әскери академиясын бітірген. 1996 жылы ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. 1998 жылы  ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен және одан да басқа медальдарімен марапатталған.

Авиация генерал-майоры Анатолий Трофонович Старыш (1998 мен 2003 жылдары)

1947 жылы 3 тамызда Украина Республикасы Одесса облысы Измаил ауданы Приозерное селосында дүниеге келген. 1970 жылы Чернигов жоғары әскери авиация училищесін, 1978 жылы Әскери-әуе академиясын бітірген. Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштері қолбасшысының авиация жөніндегі орынбасары. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш».3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, медальдармен марапатталған.

Авиация генерал-майоры Алсай Төлеуұлы Жұманов (2003 мен 2011 жылдары)

1962 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық ұщқыштар мен штурмандар училищесін, 1998 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штаб әскери академиясын бітірген. 1992 мен 2011 жылдары Әуе қорғаныс күштері басқолбасшысы басқармасы ӘҚК (Әскери-әуе күштері бойынша) бас қолбасшысының орынбасары – Бас басқарма бастығы, 2011 мен 2013 жылдары ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен және одан да басқа медальдарімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН