• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

14 маусым, 2018

Қарулы Күштерде материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде

Алматыда өңірлік қолбасшылық пен десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімдерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.

Бір апта бойы материалдық-техникалық буын мамандары әскери шаруашылықты жүргізумен, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау, пайдалану және жөндеумен, пәтер-пайдалану қызметімен, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен байланысты мәселелерді талқылап қана қоймай, сонымен бірге, іс жүзінде оқу-жауынгерлік жағдайларда материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін орындайды.  Көрсетілімді тактикалық арнайы оқу-жаттығуда жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жауынгерлік арналым ауданына марш жасау және қорғаныс ұрысын жүргізу кезінде механикаландырылған бригаданың тылдық және техникалық қамтамасыз етілуінің ұйымдастырылуын паш етеді.

«Жиынның негізгі мақсаты материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру мен орындауда бірыңғай көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Мұндай жиындардың өткізілуінің арқасында МТҚ басқару органдары әскерлерді үздіксіз және уақтылы қамтамасыз ету бойынша қойылған тапсырмаларды орындау үшін іс-қимыл етудің шынайы тәжірибесін жинақтайды», - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Николай Маслов.  Жиын өтілген тақырыптар бойынша емтихан, Құрлық әскерлері шаруашылық қызметініңі қорытындысын жасау, жазғы оқыту кезеңіне мақсаттар мен міндеттерді нақтылау және бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешумен аяқталады.

1203
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві