• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

18 маусым, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттарды таңдады

Бес күн бойы «Батыс» ӨңҚ сержанттары батальонның үздік сержанты, ротаның үздік сержанты, взводтың үздік срежанты және бөлімшенің үздік командирі аталымдарында біріншілікке бақ сынасты.

Сайыс барысында байқау қатысушыларына «Қайсар» әскери-спорттық сайысы, «Барыс» армиялық қоян-қолтық ұрыс, «Мерген» оқ ату даярлығы, «Тұлпар» жауынгерлік машиналарды жүргізу, «Білімпаз» әдебиет пәні, «Шебер» техникалық дайындығы, «Денсаулық» әскери-медициналық дайындығы және «Бағдар» әскери топографиясы сияқты пәндерде өздерін көрсетуге тура келді. Байқау қорытындысы бойынша 30238 әскери бөлімінің (Ақтөбе) 3-сыныпты сержанты Артур Қазыбаев «Батальонның үздік сержанты», 75488 әскери бөлімінің (Ақтау) 3-сыныпыт сержанты Самат Абайұлы «Ротаның үздік сержанты», 99116 әскери бөлімінің (Бейнеу) әскери қызметшілері сержант Жұмағали Мұздақ пен кіші сержант Алмасхан Мәмбетов «Үздік взвод сержанты» мен «Үздік бөлімше командирі» атанды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. «Жыл сайын біз өзіміздің нәтижелерімізді жақсартуға тырысамыз. Бүгінгі таңда сержанттар корпусы «мен сияқты істе, менен жақсы істе» үлгісін көрсете отырып, өзімен бірге жеке құрамды жетелеп жүр. Сонысымен өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік әзірлігін арттыруда», - деді 99116 әскери бөлімінің сержанты 2-сыныпты сержант Бағдат Ұлықпанов. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сержанттар корпусы жеке құрамды жеке жауынгерлік және дене даярлығына оқыту, жоғары әскери тәтіпті ұстап тұру, әскери қызметті қауіпсіз өткеру жағдайларын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану жөніндегі тапсырмаларды орындайтынын айта кетейік.  

1179
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН