• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 шілде, 2018

«Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарында инженерлік әскерлер мен РХБҚ бөлімшелерінің далалық жорығы өтуде

Роталардың үйлесімділігін жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінің маңындағы оқу-жаттығу полигондарында арнайы әскерлер бөлімшелерінің далалық жорығы өткізілуде.

Әскери қызметшілер тапсырмаларды практикалық пысықтау барысында қарсыласты, жер мен объектілерді шартты инженерлік барлау, фортификациялық құрылыстарды (орларды, траншеялар мен қатынау жүрістерін, тасаларды, блиндаждарды, паналарды) тұрғызу, инженерлік қоршауларды орнату, оның ішінде, миналық алаңдарды орнату, жару жұмыстарын жүргізу, танкіге қарсы шұңқырларды жабдықтау, жер мен объектілерді минасыздандыру бойынша кәсіби машықтарын пысықтайды. Сондай-ақ бөлімшелер қарсыластың жаппай жою қаруын қолдану, радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау кезінде жасыру бойынша тапсырмаларды орындайды. «Далалық жорықты өткізу мақсаты арналым бойынша тапсырмаларды орындауда бөлімшелердің далалық машығын жетілдіру және арттыру болып табылады.

Далалық сабақтар кезінде әскери қызметшілерге тактикалық, атыс даярлығы, күрделі климаттық жағдайларда әскери техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындауға тура келеді», - деді штаб бастығы – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары  полковник Нұрлан Алдияров. Далалық жағдайларда әскери қызметшілермен қауіпті жарылғыш заттарды іздестіру және залалсыздандыру, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, позицияларды фортификациялық жабдықтау, инженерлік қамтамасыз етудің өзге де тапсырмаларын орындау бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Жиын өтілген тақырыптар бойынша сынақ тапсырумен аяқталады. Далалық шығу ағымдағы жылғы 3 тамызда аяқталады.

1022
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН