• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

22 қазан, 2018

73652 әскери бөлімінің өндірістік базасында курсанттардың жөндеу тәжірибесі өтуде

Кәсіби циклдың теориялық және практикалық білімін бекіту мақсатында Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттарымен  73652 әскери бөлімінің өндірістік базасында Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттарымен жөндеу тәжірибесі өткізілуде.

Практиканың негізгі мақсаты кәсіпорынның құрылымын, өндірісті ұйымдастыру мен басқару, әскери техниканың бөлшектерін, тораптары мен бұйымдарын дайындаудың технологиялық процестерін зерделеу, кәсіпорынның әртүрлі цехтарының жабдығымен және олардың технологиялық тұрғыда жабдықталуымен танысу, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері және экологиялық қауіпсіздікпен танысу болып табылады.  Курсанттар жөндеу тәжірибесін шеберлер (учаске бастықтары) лауазымдарында тағылымдамадан өтушілер рөлінде өтті. Жұмыс кәсіпорындарда тәжірибеден өту жоспар-кестесіне сәйкес орындалды. Бағдарламаға сәйкес кәсіпорынның құрылымын зерделеу бөлім мамандарымен экскурсия дәріс әдісі бойынша өткізілді.

«Курсанттардың жөндеу-пайдалану практикасында қойылатын барлық тапсырмаларды шешуі елеулі түрде олардың білімдерін, машықтары мен шеберліктерін толықтырып, оларға бұдан бұрын және жаңадан алған кәсіби қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдістемелік шеберліктерін жинақтау мен жетілдіруге септігін тигізеді.  Бұл тез қалыптасу және әскерлердегі сәтті қызметтің маңызды элементі болып табылады», - деді материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы полковник Қанат Тәйтенов.

Курсанттардың сарамандық жұмысы ағымдағы жылғы қазанның соңында аяқталады. 

1320
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН