• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 желтоқсан, 2018

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Тұңғыш Президент күні аталып өтті

ҚР Қарулы Күштерінің барлық құрамаларында, әскери бөлімдер мен мекемелерінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді. 

Қарулы Күштер үшін 30 қарашада Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өткен Елбасы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының "Жас сарбаз" "Балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғам бірлестігі мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездесуі маңызды шараға айналды. Бұл оқиға Жоғарғы Бас қолбасшының Қазақстан армиясының болашағына жіті назар аударатындығының тағы бір дәлелі.  Айтулы күн қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігінің  Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясымен бірлесе қоян-қолтық және армиялық қоян-қолтық ұрыстан IV ашық республикалық турнир өтті.  Жеке құраммен салтанатты жиналыстар өткізілді. Онда қазақстандық армияның қалыптасуы мен дамуына Тұңғыш Президенттің үлесі аталып өтті. Жауынгерлік даярлық пен қызметтік жұмыстағы жетістіктері үшін мерекеге орай үздік әскери қызметшілер көтермеленді. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбеновтің жееткшілік етуімен Ақмола гарнизонының бағынысты әскери бөлімдері мен басқарма жеке құрамымен салтанатты іс-шара Тұңғыш Президент мұражайында өтті. Онда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанның тәуелсіздік алған кезден бастап Тұңғыш Президенттің қызметі туралы тың әрі қызықты мәлімет алуға мүмкіндік алды. «Астана» ӨңҚ-да жеке құрам үшін Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Онда Мемлекет басшысы өз қызметін бастаған. 1 желтоқсан күні Қарулы Күштерде 4000-ға жуық мерзімді әскери қызметші салтанатты жағдайда Қазақстан халқы мен оның Президентіне адал болуға ант беріп, әскери антқа келтірілді.

1859
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН