• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

25 қыркүйек, 2019

Бітіруші курсанттар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен танктерде 100 шақырымға марш жасады

Құрлық әскерлері Әскери институты бітіруші курсының курсанттары өздерінің мамандықтары бойынша далалық практикалық сабақтардан өтті.

Болашақ офицерлер іс жүзінде алған теориялық білімдерін пысықтап, әскери техниканы басқара алу шеберліктерін паш етті және су бөгеттерін ұрыс машинасымен еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерделеді.

Құрама экипаждар құрамында олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде 100 шақырымдық марш жасады. Арнайы ол үшін әскери институттың оқу-жаттығу орталығында көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.

Жауынгерлік техникадағы марш  - бұл жолдар мен лекті жолдар арқылы взводтың немесе ротаның легі құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ең алдымен, маршты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы.

Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты паш етті.

«Маршты ұйымдастыру мен өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. Бірінші курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, екінші және үшінші кезеңде взвод және рота командирі көлемінде қажетті мәселелерді зерделейді. Болашақ офицерлермен 100 шақырымдық марш оқытудың соңғы төртінші курсында батальон командирі ауқымында өткізіледі», - деді Құрлық әскерлері Әскери институты оқу бөлімінің бастығы подполковник Жәнібек Сарғазин.

Практикалық сабақтар оқып-үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машығын арттыруға ықпал ететінін, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі қабілеттерін жетілдіретінін айта кеткен жөн. Курсанттар әскерлерге қызмет етуге жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен, офицерлер үшін қажетті білім және дағдымен аттанады.

329
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН