• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

06 желтоқсан, 2019

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді

ҚР Қорғаныс министрінің Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімін қауырт оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерді.

Әскери бөлімді таңғы сағат 5.30-да жауынгерлік даярлыққа келтірген кезде жеке құрамның іс-қимылы, жауынгерлік техниканың белгіленген аумаққа уақытылы шығуы, бригада командирінің тапсырмаларды қоюы, сонымен қатар бөлімшенің үйлесімді әрекеті тексерілді. Аталған іс-шараны пысықтау барысында қорғаныс министрі офицерлердің біріне жеке құрамның қауіпсіздік шараларын қадағаламағаны үшін сөгіс жариялады.

Сонымен қатар Алматы гарнизонында әуе шабуылына қарсы қорғанысының жеке байланыс полкі мен бригадасының нысандары да тексерілді. Көбіне байланыс техникалары мен автокөлік техникалары, бөлімнің қоймалары мен басқа да нысандары, сонымен қатар командалық пункттерде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы.

Арнайы мақсаттағы әскери бөлімге полковник Борис Керімбаевтің есімі берілгені және оның құрметіне ескерткіш тақтаның ашылуы жұмыс сапарының маңызды бөлігі болды. Салтанатты шарада әскери бөлімге Борис Керімбаевтің есімі берілгені әскери қызметшілерге жүктелген ерекше міндеттер кезінде жауапкершілікті сезінуге ынталандыру, сондай-ақ әскери қызметшілердің әр түрлі буынын борышқа, әскери ар-намыс заңдарына, жауынгерлік бауырластық пен халыққа қызмет етудің берік айғағы болып табылатыны айтылды. Шараға бөлімнің жеке құрамы мен басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, және де полковник Керімбаевтің жұбайы қатысты.

 «Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Әрине жоқтың орны толмас. Ол осы жерде сапта тұрған барлығы үшін нағыз ұстаз бола білді. Мен барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жоғары жетістіктеріңізбен құттықтаймын», - деді Раиса Керімбаева.

326
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН