• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Негізгі ақпарат

Құрлық әскерлері – операциялар мен ұрыстық іс-қимылдарды өткізу, қару-жарақ түрлері мен саны жағынан көлемді саналуан Қарулы Күштерінің түрі, әскери театр алаңында жаудың агрессиясына тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұрақтылығын қорғауға арналған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес құрастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі №554 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының Басқармасы мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қаулысы және де Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 1/14/1503 Директивасына  сәйкес Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы құрылған.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің негізгі тапсырмалары:
  • Агрессияны тоқтату үшін әскерлерді жауынгерлік даяр күйінде ұстау.
  • Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау.
  • Мемлекеттік және әскери объектіні күзету мен қорғау.
  • Құрлықтағы мемлекеттік шекараны қорғау.
  • Бітімгершілік және басқа да тапсырмаларды орындау.
Құрлық әскерлерін дамытудың басты мақсаттары:

Еліміздің әскери қауіпіне қарсы тұра алатын, саны, құрылымы және құрамы жағынан оңтайлы, үнемі дайын және белгіленген уақытта жайыла алатын, қажетті қарсылық көрсете алатын қабілеті бар Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін, құрылымдарын, бірлестіктерін және басқару органдарын құру.

Құрлық әскерлерінің құрылуы мен дамуы барысындағы маңызды тапсырмаларының бірі сапалы өзгерістерді іске асырумен қатар ұрыстық мүмкіндіктерін сақтап қалу және де оны әрі қарай жетілдіру болып саналады.

ҚР ҚК ҚӘ құрылуы мен дамуының негізгі бағыттары

Құрлық әскерлерінің замануи кезеңдегі құрылуы мен дамуының негізгі бағыттары болып анықталды:

  • ұйымдастырушылық-штабтық құрылымының жетілдірілуі;
  • Құрлық әскерлерінің техникалық жағдайы мен жабдықталуының жақсаруы;
  • әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі деңгейінің,  құрылымдар, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімдігінің жоғарлауы;
  • қару-жарақ пен әскерлерді басқару жүйесінің қарқындығын жоғарлату;
  • офицерлер мен сержанттар кадрларын дайындау жүйесін жетілдіру;
  • жеке құраммен жинақтаудың сапалық көрсеткіштерін арттыру, әсіресе келісімшарттағы әскери қызметшілермен.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама